+1 дауыс

КВН-ге өз ойдан шығарылған, тек қана плагиат емес әдемі әзілдер білесіздер ме?

04.05.2013 9.2k қаралым

5 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Әкесі баласына:
– Өскенде кім боласың?
– Такси жүргізушісі болам.
– Неге?
– Жолға ақшам кетпейді...


МАИ қызметкері жүргізушіні тоқтатады:
– Неге қауіпсіздік белбеуін тақпағансыз?
– Қарныма жетпейді.
– Тәртіп бәріне бірдей, айыппұл төлейсіз.
– Айыппұлды маған емес, қысқа белбеу шығарған компанияға салғаныңыз дұрыс болар...


Емханада:
– Дәрігер, айтыңызшы, өлгеннен соң екінші өмір бар ма?
– Сәл шыдасаңыз, оны өз көзіңізбен көресіз...


Сот залында:
– Айыпталушы, сіз неге көршіңізден көмір ұрлап от жағасыз?
– Ол бәрібір отқа көмір салмайды, үйін токпен жылы­тады емес пе?


Емханада:
– Дәрігер, сіз менің сау тісімді жұлып алдыңыз ғой.
– Ештеңе етпейді, кейін ауырса бәрібір келер едің...


Қаламдастардың әңгімесінен:
– Шығармашылық бәйгеден тағы өте алмадым.
– Өлең беріп пе едің?
– Иә.
– Өлең емес, төлем беруің керек еді.


МАИ қызметкері бір жас жүргізушіні тоқтатады:
– Жол ережесін өрескел бұзғаның үшін куәлігіңді тартып аламын.
– Өзің біл, әке... 

29.11.2013
+3 дауыс
Плагят емес плагиат, дұрыстап қатесіз жазсаңыз дұрыс болар еді.Сұрағыңызды өңдеңіз.
04.05.2013
+2 дауыс
Сенің әзілдерің көңілден шығады егер сен оларды өзің жазсаң..егер біреу саған әзіл жазса ол әзілді ойнау сендерге жараспаса масқара боласыздар.
04.05.2013
0 дауыс

Бұл өте күлкілі квн емес:(((

10.11.2016
0 дауыс
Кытайдын кыздары тез соныда,ойткени олар китайский
19.12.2016
127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы