0 дауыс
8.8k көрілді
Жігітіңнің басқа қызға кетіп қалмауы үшін, қыздарға бармауы үшін не істеу керек?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

"Жігітің" болса, мәселе қиындау... Егер ер жігіт шын сүйген болса, сізге деген ниеті түзу болса оңайлықпен кете қоймайды. Ал егер алдамшы сезіммен сізді ермек қып жүрген болса, қандай амал жасасаңыз да бір күні кетеді...

Сондықтан сізге деген сезімін жақсы білуіңіз керек. Ең басты нәрсе - қыздың ары. Қандай сезімде болмасын, арыңызға дақ түсірмеңіз.

Кеңестер:

1) Қарапайым және шынайы болыңыз! Жасандылық жасамаңыз!

2) Қызғаншақ, күмәншіл болмаңыз! Тым тықылдап, есеп ала бермеңіз: "Сағат бәленде қайда болдың? Қашан келесің?"... т.б. көп сұрақ қоймаңыз!

3) "Ананы әпер, мынаны әпер"- деп шектен шығу да, жігіттің кетуіне себеп болатын нәрсе. 

4) Жеңілтектік пен жеңіл ойлау да жігіттердің көбіне ұнай бермейтін қасиеттер. Қандай жағдай болсын ұстамдылық танытыңыз!

 

5-ші: ешқашан өтірік айтпаған дұрыс, қай кезде болсын, қандай жағдай болсын. шындықты айту керек, Бізге өтірік айтқандар ұнамайды.
Ал 1 - ші мен 4 - ші маңызды, Қалғандары маңызды емес
+3 дауыс

1. Күйеуіңіз жұмыстан шаршап келгенде, "маған анау керек, мынау керек" деп қажеттіліктеріңізді айтпаңыз! Сондай-ақ "жұрттың күйеуі әйтіпті-бүйіпті, дүниені шыр айналдырады" деу де, ер азаматтың намысына тиетін сөздер.

2. Көп ұрысқақ болмаңыз, әр нәрсеге түсіністікпен қараңыз, шешім қабылдағанда оның ойымен санасыңыз!

3. Ең бастысы балаларыңызға керемет жақсы тәрбие беріңіз, сонда ақылы бар еркек балаларына жақсы тәрбие беріп отырған ананы тастап кетпейді.

Негізі бұның жолдары көп, қазір менде уақыт жоқ,тізіп жазғанға, бастысы жоғарыдағы үшеуі.

Мұнда күйеу емес, жігіт туралы әңгіме болып жатқанға ұқсайды ғой)) Дегенімен, жауабыңызға базар жоқ!
Мен бар ғой, таңертең асығы-ыы-ып отырғам, жұмысым көп, уақытым аз еді. Ол аз дегендей бір түрлі ұйқым кеп отырған, сұрақты "күйеуің" деп оқып алыппын да, жауап жазып жібергем. Кейін оқысам, "жігітің" екен ғо)) Сосын админға айтып, өшіртіп тастаймын деп,ұмытып кетіппін!
прикольна ))
Белгісіз
0 дауыс
ең бастысы адалдық,ешқашан өтірік айтпау.мені мысалы ол сұрақ ешқашан мазалаған емес.үйленбей тұрғандада солай болған.Аллаға шүкір өзімді бақыттымын деп есептеймін.Мен жолдасыма сенем.
0 дауыс
Ең бастысы өзің жақсы болуың керек қой, жақсы адамды ешкім де тастағысы келмейді емес пе?
0 дауыс
сені шынымен сүйсе өзі-ақ басқа қыздарға кетпейді, егер сүймейтін болса қанша тырыссаңда бәрі бекер
+1 дауыс
1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын! Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес. 2. Қарынды жігітке назар аудармағын! Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас. 3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын! Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады. 4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін! Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас. 5.Жайбасар ынжықтан аулақ болғын! Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер. 6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын! Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін. 7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын! Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің. 8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын! Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді. 9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын! Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді. 10. Болып-толған адамға ешқашан сенбе! Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас. Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, ақ адал адамды танып, тапсаң - көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!:

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
10 жауап
Белгісіз 17.08.2011 Махаббат сұрақ қойды
0 дауыс
12 жауап
...