0 дауыс
4.1k көрілді
Аяқ киімге қойылатын талаптарды тауып беріңдерші

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
http://kk.convdocs.org/docs/index-100321.html

Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

Жеке гигиена теріні қараудан, ауыз қуысын қараудан, шашты қараудан, шынығудан, сонымен қатар киім мен аяқ киімді қараудан тұрады.

Қыздар мен балалар өзінің іш киімінің, сырт және спорттық киімінің тазалығын қадағалап отырулары қажет. Киім ыңғайлы әрі жеңіл болуға тиіс, сонымен қатар сонша жылы емес және қозғалысты қысаңдатпауы керек.

Осы сипатқа белбеулер, манжеттер мен жағалар да сай болуы керек.

Қыста және жазда спорттық дайындық жасау үшін киім метеорологиялық жағдайға және спорт түрінің ерекшеліктеріне сай келуі керек.

Қыста сыртта спортпен айналысу үшін киім үш қабаттан тұруы керек: іш киім, фланелден жасалған жейде, жүнді үштік костюм, жүнді бас киім және қолғап. Сонымен қатар үстіне жеңіл куртка киген оңды.

Аяқ киім жүру мен спорттық жаттығуларды жасауға кедергі келтірмейтіндей етіп, жұмсақ, мықты, жеңіл, ыңғайлы әрі бос болуы керек. Ыңғайсыз, тар аяқ киім қан айналымын қиындататынын естен шығармау керек.

Ғимаратта спорттық аяқ киімде жүруге болмайды, сонымен қатар кедаларды үнемі киіп жүру майтабандыққа әкеп соқтыратынын да үнемі есте ұстап жүрген жөн.

Киім мен аяқ киім тұрақты тазалау мен сақтауды қажет етеді. Киімді әрбір жаттығудан кейін жуып отыру керек. Кірлеген және су болып қалған аяқ киімді тазалап, кептіріп, сонан соң арнайы крем немесе мазьбен майлап отыру қажет. Спорттық киім мен аяқ киімді желдетілетін орында сақтау қажет.
...