+5 дауыс
87.8k көрілді
Көктем келсе қарлығаш та бiрге келедi. Осы бiр кiшкене ғажайып құс 2 жылдан берi үйге ұя салады. Таң қаларлық керемет ұя. Қарлығаштың, үйге ұя салуы ненi бiлдiредi, жақсылық белгiсi ме?
иә, барлықтарыңыздың ойларыңызға қосыламын.Қарлығаш кейелі , бақыт әкелетін , татулық пен мейірімділіктің  нышаны тектес құс екендігі баршамызға мәлім-ақ !  сонымен қоса ежелден келе жатқан қарлығаш туралы  аңыз, әңгімелерге тоқтала кететін  болсақ ; қазақ халқының  қарлығашты құрметтейтіндігін , оның  адаммен  тығыз байланысты екендігін ,  татулық пен береке орнаған жерде ғана жүретіндігін ұғынамыз . Сөз соңында айта кетерлік жайт  әрқашан қарлығашты құрметттеп ,  үй маңына немесе үй ішіне ұя салса  қарлығаштың ұясын бұзбай, өмір бойы сол жерде  қалуына , бақытты өмір сүріп жатқанына кесірімізді тигізбей  кішкене болса да септігімізді тигізсек дегім келеді!
Үйіңізге бақыт әкеледі,ырыс-береке болады.Қуана беріңіз!!!Қарлығаш қазақ халқына киелі құс болып саналады,ерте кезде қарлығаш адам баласын құтқарған аждаһалы айдаһардан,міне,осындай аңыздарға сүйенсек,қарлығаШ адам баласына дос.Қарлығаштың ұя салуы тек ҚУАНЫШ!!!

10 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
карлыгаш ұя салса ол ырыс пен бақыттың белгісі бір кездері Төле би жау еліне шапса да үйін жинамады. Ойткені қарлағащ үйіне ұя салыпты Төле бидің дарындылығының арқасында бір ел аман қалады
Төле биді тек қана қазақ халқы емес, өзбек, кырғыз, қарақалпақ, тәжік елдері де дуалы ауызды әулие кісі, бас биіміз деп, оның есімін осы кезге дейін қастерлеп еске алады. Тағы бір мынадай аңыз бар:
Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым-тырақай босып үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап: - Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, - барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері өкіреңдеп: - Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?! Төле би олардың алдынан шығады: - Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? - Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі. - Енді тыңдаңдар, - деп сөз бастайды Төле би - шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш - қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме. Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы: - Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! - депті. Содан былай қарай Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кетіпті.
Сонда этаж үйде тұратындар не берекеден құр қалама?:(
Танкаларлык окига екен шынымен. Карлыгаш киелi кус екен да онда
+2 дауыс
Әрйне жақсылықтың белгісі.
+2 дауыс
Қарлығаш ерте кезден-ақ киелі құс болып есептелген.Оның үйлерге ұя салуы да жақсылықтың нышаны. Қарлығаштың адамныңдосы екедігі туралы,оның ерлігі туралы аңыз-әңгімелер де көп.мысалы сіздер айтып жатқан Төле би бабамыздың қарлығаштың үйіне ұя салғанына қарсы болмауы.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?деген балаларға арналған әңгімені  білетін боларсыздар.адамның баласын құтқару үшін ол осындай ерлікке барады.содықтан да қарлығаштың ұ салғанынан қорқудың қажеті жоқ.
+2 дауыс
иә ол бакыттын белгісі, байагы заманда Толе би кошкели жатканда үиінің бұрышына карлыгаш уя салып Толе би үиін бузбай сол жерде жалгыз озі калыпты
+1 дауыс
Қандай да бір құстың үйге бақыт әкелуі мүмкін емес.Бақыт қуаныш қайғы барлығы тек Алладан.Қарлығаш үйге бақыт әкелер болса неге біз барлық қарлығашты алып келіп үйімізге ұя салдырмаймыз?!
Арине барлык жаксылык тек бiр Алладан.. Бiрак сен карлыгашты устап алып камап коршi, ол уйiн,е уя сала ма,жок па ?! Сосын жауап жазарсын,
+2 дауыс
Әрине жақсылықтың белгісі. Ол үйге ырыс келді деген
0 дауыс
Биздин уйге2 жылдан беры карылгаш уя салды казир 10
0 дауыс
Карлыгаш арине киели кус ,биракта ол кус кез келген уйге уя сала бермейди ,естеринизде болсын ...
0 дауыс
Ертеректе Төле би бабамыз қарлығаштың ұясына тиіспеген. Тіпті, халық ауыз əдебиетінде бар.
–1 дауыс
Карылгаш болса жаксыго болмаса неси жаксы
...