0 дауыс
2.3k көрілді
Жігерсізбін, тормыз болғым келмейді, жүрмін адамды жігерлендіретін сөздер бар ма?

3 жауап

+1 дауыс
Егер өз талғамыңның дұрыстығына көзің жетсе, онда ешкім де өзінің дұрыс деп санаған көзқарасын саған зорлап таңа алмайды. Сен қазір қалай өмір кешкен болсаң, өміріңнің әрбір минуты да солай өтпек. Ояу болсаң, сергек бол; Ұйықтасаң, қанып ұйықта, бір іспен айналыссаң, басқа іске бас қатырушы болса. Қолың қайда болса, ойың сонда болсын. Шешінген екенсің, судан тайынба. Шүбәлансаң, өзіңе сенім арта алмайсың. Бір нәрседен күмән ойласаң, сенім тиянақ таба алмай сырғақтайды.

Жолыңа оралғы болып, сары уайымға салатын мәселені күні бұрын бір жақты еткенің абзал. Ақша арман-тілек, мұң-мұқтажыңды белгілемейді, қайта, арман-тілек, мұң-мұқтаждың арқасында атақ-абырой мен ақшаға қол жеткізесің.

Адам өмірі, бейне, шахматтың тасы сияқты, бірде ұтасың, бірде ұтыласың, тек ойын қағидасына жүйрік болғанда ғана жұлдызың жанады.

Қарсыласың сені сөзбен қағытып, қорласа, сөз таба алмай ширыққанға дейін оған қарсы жауап айтпа;

Қарсыласың түнеріп отырып алса, әзіл-қалжың айтып күлдіруге тырыс;

Қарсыласыңды өз көзқарасыңды жақтағанға дейін сұраудың астынан ал;

Оның айтқан сөздерінің ешбір қисыны болмаса да, жөн дей сал;

Оған өз ойыңды ашық айтып, түсіндір;

«Су тамшыданқұралады» дегендей, әрқандай шаруаға жеңілінен бастап кіріс;

Ойлампаздық – сені басқаларға еліктеп өмір сүретін бірбірсыдырғы тұрмыс  дағдысынан азат ететін күш
+2 дауыс

Жігерлендіретін сөз дейсіңбе? Әр адам  бірдей сөзге  жігерленіп , намыстанып кетеді деп ойлау қате!  Сені  жаратқан қалай жаратты? Міне маңыздысы осы.  Сен  ең алдымен өз өзіңе баға бере біл. Ешқашанда басқа адамдар  сені  нақты бағалай алмайды " оның ішінде менде" ! Өйткені сен  тәуелсіз , ешкімге  бағынбайтын, кеудеңде соққан жүрегің бар адамсыңғой.  Сені  біреулер  тормоз дедіма?  Ол адам   көзімен көргенді айтады, яғни тормоз болар бір әрекет жасағаныңды  көрген болар. Шын мәнісінде олар сенің жүрегіңде не жатқанын көрмеді. Басқалар білмейтін жүрегіңнің сырын сен  және жаратқан ғана біле алады.  Тормоз дегенінің қате екеніне  ең алдымен сен сенуің керек .  Бір күні таңда тұрғанда  , айнаға жақын барып өз бейнеңе  қара. Осы уақытқа дейін  не тындырғаныңды ойла? !  Оған көңілің толмайды әрине. Иаа өйткені  сен  мақтанарлық ештеңе тындыра алмадың. Ал  өмір болса тым қысқа  , ол сені  күтпейтінінде  ойлап  қой. Сосн  өзіңде бар қателіктер  , басқаларда да бар екенің түсін.  Сені басқалардан артық ететін  ол сенің  жақсылығың . Әр қашанда  айналаңа жақсылық сыйлап жүр.  Міне  кезінде  тормоз дегендердің алдында  еңсеңді көтеріп  өте аласың . 

+1 дауыс
Мұхтар Шаханов Жігерлендіру

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.
...