Сүйген қызым,қазір менімен Аллахқа шүкір амандасады, сөйлеседі, бірақ менің сезімімді менсінбейді, суып кеткені сонша менің қазіргі сезіміме мән берер емес, саған ақыл айту оңай болар, бірақ мен қолымнан келетін барлық амалды жасадым, ол бұрынғыны мен жасаған опасыздық деп түсінетін секілді, енді өкініп қайта оралып тұрғаны деген секілді, бірақ негізі олай емес қой, әттең, айтсам ғой не себептен оны тастағанымды, бірақ айта алмайтын секілдімін, білмеймін!!! Оны рас сүйгеніме кейде ойлайм неге осынша қиналдым екен, неге өзгемен жүре берсем болмайма екен деп, бірақ білесіздерме, қанша солай ойласамда мен одан басқа ешкімді сүйе алмайтын секілдімін, себебі қаншама амал жасамайын, сондада сағынамын! Жаным деген сөзді өмірімде тек сол жанға ғана арнағым келеді! Қазір араласамыз жақсылау нашар деп айтапаймын, бірақ сені сүйем әлі десем нашар болып кетеді, мені ұмыт, сені сүймейм дейді! Ұмыту қиын 4 жыл бойы ұмытпаған мен оны енді ұмыта салу қайдам!!! Тарихымды түсінбеген болсаңыздар мен басында өзге сұрақта жазғанын "Қызым оқу оқысын деп тастап кеткенмін" деген тақырыпта! сол оқиғаның жалғасы міне тағы сұраққа жалғасып тұр! өмір-өзі сұрақ қой! Таста демеңдерші жолын айтып көріңдерші! не болмаса Алматыға барып Қостанайдан тура осы уақытта Мен сені сүйемін деп общежитиясының алдында тұрып қалсам мені сүйіп қала ма?