+1 дауыс
531 көрілді
Менің 1997жылғы інім бар коледжде оқиды,соңғы 3-4айдан бері қатты өзгеріп жүр. Үйге өте кеш келеді,үйде ешкім болмаса кетіп қалады да түннің бір уағында келеді.      жаман әдетке үйір боп қалама немесе жаман нәрсеге жолығып қалама деп алаңдаймын. Қазағымызда саяқ жүрген таяқ жейді деген сөз бар емеспе,өзіне айтсаң болмай қалған сылтау айтады. Бірақ ол ішпейді шекпейді оған кәміл сенем. Ұят болсада айтайын артынан аңдып не істейтінін сұрастырып білдім. Оның жүретін қызы бар екен.Уақытының көбін сонымен өткізетін сияқты даже сабақтада жиі болмайды екен. Айтыңыздаршы оған қандай амал қолдануға болады? Інім грантта оқиды стипендия алады ол қызбен жүргелі бері сабақты мүлде қойды куратыры күнде жалб айтады.   Бұлай жалғаса берсе оқуынан шығарып жібереді.   әлде мен білмейтін басқа нәрсе барма? Қызбенде солай жүрема?

4 жауап

+1 дауыс
Жооқ қызбен жүре берсін бірақ сабақта болмауы дұрыс емес. Ініңе айтып қара ұялмасаң қызың бар екенін білемін бірақ неге сабақты тастайсың деп!
Қызбен жүр,қыдыр оның ешқандай әбестігі жоқ тек сабағың 1-ші орында тұрсын дедім. Йя мақұл деп бір барадыда ертесіне жоқ болады. Мүмкін  басқа проблемасы бар мекен а?
+1 дауыс
ініңізбен асықпай ашық әңгімелесіп көріңіз..сосын оның олай өзгеруіне қоршаған ортасы себеп болуы мүмкін ,яғни, оның жақын араласатын достарын бақылап сөйлесіп көріңіз.Тағы да айтам оған ұрыспай сыр шертіп;ақыл айтып, (ақылды да қызықтығып айт) және жұмада бірге жұма намазға барып уағыз тыңдаңыздар))
Ашық әңгіме болды бірақ нақты не екенін айтпайды. Мешітке бар десең мақұл дейді да бармайды. Не үшін ақыл тыңдамайтынына таңым бар.
+1 дауыс
Арбiрiмiз бауыр етiн бауырымызга жанымыз ашып агалык,немесе апалык акыл бергенiмiз жон,мумкiн iнiн жолдас достарымен узак уакыт бiрге болатын болар,арине бiрак сабагынан коп калганы дурыс емес,бiрак казiр район,край,болып болiнiп жатады,мумкiн сенiн iнiн осындай ортада журген шыгар,ондай ортада темекi,немесе арак баскада нарселерге ауес балдар коп гой,сондыктан тагы марте iнiнмен сойлесiп кор,осы жайды ескертiп кор....
Басқа ортаға қосылып жүргенін қалай білуге болады?
+2 дауыс
Біз айналамыздағы кез-келген нәрседен, адамдардан күдіктенеміз. Осылай істеуміздің де жөні бар. Ойлағанымыз шындыққа айналуы мүмкін. Бұл жағдайға мысал ретінде өзімнің сыныптасым жайлы айтып кетейін. Ол да сіздің ініңіз секілді сабақты қойып кетті. Ұстазымыз: "Сабақты неге оқымай жүрсің?" сөзіне жауап ретінде "Қызбен жүрсең сабақ оқығың келмейді екен" деген болатын. Біз оған алдамшы сезімнің жетегінде кетіп өмірлік азығыңды аяққа таптаудан аулақ бол деп жете түсіндірген едік. Сізде ініңізге солай айтып көріңіз. Мүмкін жөнге келер. Ал бұл сөзіңізге көңіл аудармаса, оған таяқ боп тиетіндей мысал ойлап табыңыз. Қандай мысал ойлайсыз ол сіздің өз еркіңізде.
Неше түрлі мысалдармен түсіндіруге тырыстым,тыңдайтын түрі жоқ. Сол үшін осы мәселені ортаға тастап отырмын өз проблемамды ортаға солу мағанда оңай емес,бірақ амалым таусылды.
...