Садақ — жебе атуға арналған қол қаруы. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды[1]. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты “сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар
http://kk.wikipedia.org/wiki/Садақ
Бумеранг (ағылш. boomerang) — лақтырып ататын ағаш гүрзінің бір түрі. Ежелгі Мысырда, Оңтүстік Үндістанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда соғыс және аңшылық құралы ретінде пайдаланылған. Австралиялық жергілікті тайпаларда лақтырушыға қайтып оралатын Бумеранг кең тараған. Бұл Бумерангтер имек пластина түрінде, астынғы беті тегіс, үстіңгі беті дөңес болып жасалынады.
http://kk.wikipedia.org/wiki/Бумеранг