+2 дауыс
497 көрілді
Ассалаумалейкум! Менің есімім Мейрамбек,мен 47 жастамын. Тақаудан бері  ауылда тұрамын. Мен 1 топтағы мүгедекпін. Біздің ауылда үш телехабарғана көрсетеді, Ел арна, Хабар, Қазақстан. Мен телефизор көруге қызықпаймын. Көретінім керекті бағдарламалармен біздің ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен тарихы туралы. Мен сіздердін бағдарламаларынызды үзбей көремін. Тек өкінішке қарай сіздерде тікелей эфир жоқ болғаны, ол болғанда қонырау шалып сауалнамалар қояр едік. Қазіргі кезде қазақтың ұлт дәстүрімен қазақтың салтына тігілген кимкешек туралы жиі  айтылуда. 26. 04. 2013 ж. сіздердін бағдарламаларынызда қазақтық салт дәстүрінде түгілген киім кешек туралы айтылды. Сол бағдарламада болған дизайнер Берик Исмайловпен хабарласқым келеді. Мен бұрыннан салт дәстүрінде тігілген киім кешек кигім келеді. Күнделікті, сыртқа шығатын, қысы жазы киетін киім және аяқ киім болса екен деймін. Өз басымда тақиям мен шапаннан басқа өкінішке қарай ештемем жоқ. Қазіргі кезде қазақша тігілген тек әйелдер киімдеріғана. Қазіргі заманға сай тігілген басқа ұлтардын киім кешегінен бас тартар едім. Салтымызға сай тігілген қазақша киім кешек киуге дайармын. Бұл мүмкінбе?  Қай қазақстандық дизайнер маған қол үшін беріп көмек тесер еді.Кейінгі кезде осы тақырыпты ортаға салуда, тек нәтижесі жоқ. (Қай кімді қайда  киетінін, қалай киетінің туралы ешкім анық айта алмайды. ) Алдын ала алғысымды білдіремін.

1 жауап

+1 дауыс
Ассалаумағалейкум, ағасы! Сіздің жазғаныңызды оқи отырып, қазақша киім киюге мен де қызығып кеттім!  

Өкінішке орай, Берик Исмаиловты бұл жерден таба алмассыз. Бірақ мен ол кісінің сайтын таптым, міне: http://berik-ismailov.kz/

Оның салонының адресі мына жерде жазыған: http://berik-ismailov.kz/index.php/front/contacts

Сайтта отырып-ақ киім тіктіртуге сұраныс беруге болады екен: http://berik-ismailov.kz/index.php/front/uslugi

Игілігіңізге жарасын!
...