Ислам аңызы бойынша жеті қазынаға нелер жатады?

+1 дауыс
7.0k қаралым
Ислам аңызы бойынша жеті қазынаға нелер жатады? Сіз қазақтың жеті қазынасын білесіз бе?
• Санаты: Салт-дәстүр туралы

1 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:
1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;
4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.
Өте дұрыс жазылған жауап.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
2 жауап
27.02.2014 • Санаты: Қызық сұрақтар RA2 сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
1 жауап
127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы