Шымкентік жеткіншектер Халықаралық балаларды қорғау күнін ерекше атап өтті. Олар ұзындығы 1 шақырым сурет салды. Бір жарым тонна бояу жұмсалған туынды елімізде ғана емес, тіпті әлемдегі ең үлкен сурет атануы мүмкін. Өйткені дүниежүзі бойынша мұндай суретті әлі ешкім салған емес. Жоба авторлары өз туындысын «Гиннес рекордтары» кітабына ұсынып көрмекші. 1060 баланың қатысуымен салынған сурет. Атын білмедім.