0 дауыс
33.8k көрілді
"Қанды жекенбі" Қазақстандағы саяси ахуалға қалай әсер етті?

Ұлттық-демократиялық күштер патша үкіметіне қарсы қалай күресті?

II Мемелекеттік Думаға қазақ өлкесінен сайланған қандай саяси (күштерді білесің?

Революцияның жеңілу себептерін қалай түсінесіңдер және оның маңызы неде?

2 жауап

+1 дауыс
1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.
Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлық күйге түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы түста қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мухаметжан Тынышпаев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес сахнасына көтерілді.
Ресейдегі алғашқы революциялық қозғалыс пен отарлық тәуелділіктегі халықтардың, соның ішінде қазақ елінің де өз азаттығы үшін күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігі рас. Сонымен бірге метрополия мен отарлық тәуелділіктегі елдердің азаттық үшін қозғалыстарындағы айырмашылықтың табиғи сипатын да жоққа шығаруға болмайды. Ол айырмашылықтар бүл қоғамдық қозғалыстардың көздеген мақсатынан және оларға атсалысқан әлеуметтік күштердің құрамынан туындайды. Егер орыс азаттық козғалысының негізгі мақсаты Ресейдегі басыбайлылық тәртіп қалдықтарын біржола жойып еркін экономикалық және демократиялық өзгеру жолына алып шығу болса, ұлт зиялылары бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басты мұраты ұлттық мемлекеттік дербестікті жаңғырту арқылы басқа елдермен тең кұқықты өркендеуге жол ашу болды. Яғни ұлт-азаттық қозғалысы үшін бірінші кезекте ұлттық еркіндік және теңдік мөселесі тұрды.
Қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтаған ұлт зиялылары азаттық қозғалыстың бастаушы күшіне айналды. Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған карсы үгіт-насихат жүргізген Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ж.Ақбаев жәнө басқалардың қатысуымен даярланған арыз-тілектерде алым-салықтың көбеюіне, билік өкілдерінің өзбарлығына, сондай-ақ жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсылық көрсетілді. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап отырды. Мысалы, М.Тынышпаев: «Сахарадағы толқудың басты себебі саяси, рухани, діни, экономикалық езгі», — деп ашық айтты.
1905 жылғы жазда Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата уездерінде толқулар бұрқ ете түсті. Мамыр-қазан айлары аралығында ірі қалаларда социал-демократиялық топтар ұйымдастырған шерулерге қатысушылар «Самодержавие жойылсын!» деген ұрандар көтеріп шықты.
Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Дала өлкесінде көп дабыра тудырған атақты Қарқаралы арыз-тілегі (петициясы) дүниеге келді. Оның соңына 14,5 мың адам қол койды. Арыз-тілекте сол тарихи кезеңдегі қазақ азаттық қозғалысының алдында тұрған негізгі міндеттер бағдарламалық деңгейде баяндалды.
Жер мәселесін, халыққа білім алу мүмкіндігін туғызу, дін тұтыну еркіндігін және басқа талаптар қойған арыз-тілектер Оралда, Жетісуда, Әулиеатада, Лепсіде, Торғайда және тағы басқа орталықтарда даярланып, орталық билік орындарында жөнелтілді.
Мемлекеттік Дума жөне қазақтар. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеу барысында қазақ қоғамына да жеткен тарихи жаңалықтардың бірі 1905 жылы 6 тамызда шыққан манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Дума мінберін империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе, жер мәселесін тура шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалап, оның жұмысына үміт артып, депутат сайлау науқаны мен Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына белсене араласты.
I Мемлекеттік Дума (1906 жылы) жүмысына қазақ елінің атынан үш депутат қатынасты. Олар: Орал облысынан — Алпысбай Қалменов, Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов және Семей облысынан — Әлихан Бөкейханов болатын. Бұлардың бәрі де жоғары білімді мамандар, яғни алдыңғы екеуі заңгер, соңғысы агроном-статист еді.
Дума отырысында А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді ұсынды. Қазақ депутаттары, сондай-ак мұсылмандар фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатынасып, үкімет орындарына қазақ жеріне көшіп келгендерді орналастырумен айналысатын комиссиялардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салу жөнінде сүрау салды.
Бар болғаны 72 күн жұмыс жасап үкімет шешімімен таратылған I Думаның 182 депутаты наразылық танытып Выборг (Финляндия) Манифестіне қол қояды. Олардың арасында Ә. Бөкейханов та бар еді.
Өз жұмысын 1907 жылы 20 ақпанда бастаған екінші Думаға қазақтардан бес депутат сайланды. Олар Орал облысынан заңгер Б. Қаратаев, Жетісу облысынан инженер М. Тынышпаев, Сырдария облысынан заңгер Б. Қулманов жөне Семей облысынан Т. Нурекенов. Бүл аталған кісілердің ішінде үшеуінің жоғары білімі болды.
Дума жұмысында қызу пікір тартысын тудырған тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Жергілікті халықтардың құқығы мен мүддесі ескерусіз қалғандығы айтылып, ешқандай да даярлықсыз жүргізіліп жатқан қоныс аудару саясаты өткір сынға алынды. Дума мөжілісінде сөйлеген депутат Б. Қаратаев. «130 000 помещиктің мүддесін корғау үшін» үкімет жерсіз орыс шаруаларына егіншілікке жарамды қазақ жерлерін тартып әперіп отырғандығын айтып, осы жағдайға байланысты зиялы орыс қауымынан қолдау күтетіндігін білдірді. Дума құрамында жер мәселесіне байланысты қазақ халқына жанашырлықпен караған Волков 2-ші, Скалозубов, Дзюбинский, Виноградов, Мақсұдов, Жағыпаров сияқты депутаттар бар еді. Мәселен, Орынборлық депутат Т.И.Седельников және басқа сібірлік депутаттардың ұйымдастыруымен Ақмола, Семей облыстарындағы жергілікті халықтың жер тапшылығын көріп отырғандығын баяндаған 53 депутаттың қолы қойылған Мөлімдеме Дума төрағасына тапсырылды.
Дегенмен Дума мүшелерінің талап-тілегіне қарамастан билік орындары тарапынан отарлау үдерісіне белгілі бір шектеу қоя алатындай құжат қабылданған жоқ. Ал 1907 жылы 3 маусымда үкімет қабылдаған заңда «көшпелі бұратаналар сайлауға катыса алмайды» деп көрсетілді. III және IV Думаларға қазақ коғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зиялыларының жаңадан қалыптаса бастаған орыс парламентіне артқан үміті ақталган жоқ. Сонымен бірге Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатынаса жүріп ұлт зиялылары саяси тәжірибе жиналы, көздеген мұратқа жету үшін ауыр да үзақ жолдан жүріп ету қажеттігін түсінді.
Қазақстан Уақытша үкімет билігі тұсында. Қазақ комитеттерінің құрылуы. 1917 жылы 27 ақпанда жеңіске жеткен буржуазиялық-демократпиялық революция Ресей өміріне түбегейлі өзгерістер ала келді. Монархиялық билік құлады, патша тағынан айырылды. Жаңа мемлекеттік билік жүйесін анықтауға тиіс болған Жалпыресейлік Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін саяси билік Уақытша Үкімет қолына көшті. Осы жылы 2 наурыз күні құрылған жаңа үкімет елде демократиялық билік жүйесін орнату бағытын үстанатындығын мәлімдеді. Газеттерде жарияланған үкімет Мәлімдемесінде «сословиялық, діни және үлттық шектеулердің жойылатындығы» айтылды.
Думандағы мұсылман депутаттарының ұйымдастыруымен 7 наурыз күні Петроградта қаланың мұсылман тұрғындарының жиналысы өтіп, жиналыс атынан Дума төрағасы М.В.Родзянко мен Уақытша үкіметтің төрағасы князь Г.Е. Львовқа жеделхат жолданып, онда Ресей мұсылмандары билікті жария еткен өз бағдарламаларын іске асырады деген тілекпен оған толық колдау жасайтындықтарын білдіреді.
Революция жеңісі туралы хабарды бүкіл қазақ халқы қуанышпен қарсы алып, ғасырлар бойы күткен арман-тілектерінің орындалар сәті туды деп түсінді. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары Құрылтай жиналысы шақырылып, елдегі саяси биліктің түрі мен мазмұнын анықтағанға дейін халықты Уақытша үкіметтің шараларын қолдауға шақырды.
1917 жылы 16 наурызда Батыс майдан штабы (Минск қаласы) жанындағы Земск және калалық одақтардың біртұтас бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов жедел түрде Петроградқа шақырылып, Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. 7 сәуірдегі шешім
0 дауыс

 Немесе мынаны оқып көр.

Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы — 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:
Жалақының аздығы.
Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.
Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:
-Азық – түлік бағысын төмендету.
-Жалақыны 15, 25% — ға көтеру.
-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.
-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.

1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.

Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды.

Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

...