«… О, жарық ай! Мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз боламын, Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Алайда, мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары мені көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәбасына келсін, қол аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан»- дейді. Солай ма, сен айтшы, жарық ай?!.»
Тура осылай сай жағалап, тасада тығылып, аймен сырласатын мүгедек Ләйлек қарғыс атқыр полигонның құрбаны. Бұл шығарманы ұсынуымның бір себебі — адамдықтан безінген қоғам осыны оқыса екен, бір ойланса екен, деніңнің саулығы барда шүкірлігі жоқтар ойланса екен деген ой еді… «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕНІ» мен ең алғаш киносынан көрген ем (Сатыбалды Нарымбетовтың «Қызжылаған» фильмі — www.kino-teatr.ru/kino/movie/post/8497/annot/). Одан соң әкемтеатр сахнасынан да көрдім (драмалық нұсқасын). Соңында кітабін (дәлірегі әңгімесін) оқыдым. Айтар ойы бір болғанымен, үшеуі үш түрлі дүние. Ешкім де жанын түсінгісі келмейтін мүгедек Ләйлек, жоқшылықтан безінген тәтесі Қатира, Ләйлектің арманына айналған Құмар, Ләйлек секілді мүгедек болса да, жанын әнмен жұбатқан Болтай, жынды Шөміш негізгі образдар осы! Жасы өссе де, дене тұрқы мен ойы әлі балаң қалпында қалған Ләйлектің тағдыры кімді де болса, ойлантпай қоймасы анық. Әсіресе, сайлау кезінде ауылға келген депутаттар Ләйлекті жұрт алдына шығарып, полигон құрбандарына қорған боламыз деген желеумен қызды көндірмекші болғанымен, ол ойларынан түк шықпайды. Алайда, оның жанына жақын тек Құмар екендігін біліп,Құмарға қызды көндірсе, ақшасыз қалмайтындығын айтқанда, Құмардың арсыздығы – заман шындығы! Мұның барлығы да соңында мүгедек қыздың ішқұсалықтан өлуімен бітеді…
Ал, киносында Құмардың Ләйлекті зорлауы, соңында мүгедек Ләйлектің ана атануы – бұл да бір режиссерлік шешім шығар, дегенмен, кино онша көп әсер ете қоймады.
Бізден бір дерек: Бұл әңгімені оқып болған соң, пьесасын және киносын көруге кеңес берем. :) Киносы жайлы дерек қойғым келген, техникалық сауатсыздықтың кесірінен (видеосын қоя алмадым) «жоспар» орындалмады.