0 дауыс
738 көрілді
Тұрғын үйдің қасынан өтіп жатқан электр желісінің қауіптілігі мен заңсыздығы туралы қай заңға жүгінуге болады?

1 жауап

0 дауыс
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1509 қаулысымен   
бекітілген     

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, электр және жылу желілерін пайдалануға, жөндеуге, монтаждауға, реттеуге және сынауға байланысты персоналына қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) II, III және өзге тобы бар жұмыскер – электр қауіпсіздігі бойынша II, III және өзге тобынан төмен емес жұмыскер;
      2) бригада (наряд немесе нұсқау бойынша) – жұмыс атқарушыны немесе бақылаушыны қоса алғанда құрамында екі немесе одан көп адам бар бригада;
      3) электр жеткізудің әуе желілері – ашық ауада орналасқан және инженерлік құрылыстарда (көпірлер, жол өтпелері және басқалары) тіреуіштеріне немесе кронштейндеріне және бағандарына оқшаулағыштар мен арматуралар арқылы бекітілген сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған құралдар;
      4) бағытталған кернеу астындағы әуе желісі – жалпы ұзындығы 2 километрден кем болмайтын ӘЖ және барлық ұзындық бойымен немесе жеке бөлiмшелерiне ось қашықтықта 110 киловольт және одан жоғары кернеумен өтетiн ӘЖ және ӘЖС, м:
      110 киловольтты ӘЖ үшін                               100
      220 киловольтты ӘЖ үшін                               150
      500 киловольтты ӘЖ үшін                               200
      1150 киловольтты ӘЖ үшін                              250
      5) қайталама (көмекші) тізбек – электр станцияларының (қосалқы станцияларының) басқару құралдары мен құрылғыларын, автоматикасын, өлшемін, қорғанышы мен дабылын байланыстыратын электр сымдары мен қысқыштар қатарының жиынтығы;
      6) алғашқы рет рұқсат беру – наряд немесе нұсқау бойынша жұмысқа алғаш рет рұқсат беру;
      7) қайта рұқсат беру – наряд бойынша бұрын жұмыстар жүргiзiлген жұмыс орнына қайта рұқсат беру;
      8) электр өрісіне әсер ететін аймақ – электр өрісінің кернеуі 5 киловольт/метрден асатын кеңістік;
      9) экрандау аймағы – электр өрісті ғимараттар мен имараттарына, сонымен қатар жерге тұйықталған металл конструкцияларына, жабдықтардың іргетастарына, күш беретін трансформаторлар мен электр өрісінің кернеуі 5 киловольт/метрден аспайтын ірі аумақты объектілерге жақын орналасқан кеңістік;
      10) коммутациялық аппарат – электр тізбектерінің коммутациясы мен тоқ жүргізуге (ажыратқыш, жүктеме ажыратқышы, бөлгіш, айырғыш, автомат, өшіргіш, пакеттік ажыратқыш, сақтандырғыш және өзгелері) арналған электр аппараты;
      11) жүк көтергіш машиналар – крандардың барлық түрі, кран-экскаваторлар (арқанға ілінген ілгекпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар), жүк көтергіш, жүк пен адамдарды көтеруге арналған жүкшығыр;
      12) механизмдер – гидравликалық көтергіштер, телескоптық мұнаралар, экскаваторлар, тракторлар, автотиегіштер, бұрғылау-кран машиналары, механикалық жетекті жылжымалы баспалдақтар және өзгелері;
      13) бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi – жұмыс процесінде адамның болуы қажет аймақпен айқындалатын адамның қатысуымен бұрмаланбаған электр өрiсiнiң кернеуi;
      14) рұқсаттама-наряд (наряд) – оның мазмұнын, орнын, басталу мен аяқталу уақытын, қажетті қауiпсiздiк шараларын, қауiпсiз жұмыс жасауға жауапты бригаданың құрамы мен адамдарын айқындайтын жұмысты қауiпсiз орындауға арналған, арнайы бланкідегі нұсқау;
      15) электр беретін әуе желілерін және байланыс әуе желiлерiн күзету аймағы – шеткi өткiзгiштерден бастап желінің екі жағында бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын сызықтық жазықтықпен шектелген әуе желілерінің аймағы (бұдан әрi – ӘЖ) бойынша жер телімі және әуе кеңiстiктер түрiнде, м;
      кернеуі 1 киловольтқа дейін ӘЖ және БӘЖ үшін       2
      1-20 киловольт болатын ӘЖ үшін                     10
      35 киловольт болатын ӘЖ үшін                       15
      110 киловольт болатын ӘЖ үшін                      20
      220 киловольт болатын ӘЖ үшін                      25
      500 киловольт болатын ӘЖ үшін                      30
      Шеткi өткiзгiштерден басталатын екі желіні бойлай орналасқан ауытқусыз жағдайында болатын тiк жазықтықпен шектелген су қоймаларының үстінен әуе кеңістігі түрінде су қоймаларымен (өзендер, арналар, көлдер және тағы басқа) өтетін ӘЖ ауысуы бойының аймағы кемелер жүретін ұзындығы 100 метр су қоймалары үшін, кемелер жүрмейтін су қоймалары үшін бойлайтын күзет аймақтарын орнатуға ескертілген құрлықтан өтетін ӘЖ;
      16) кәбілдік электр беру желілерін және кәбілдік байланыс желілерінің күзет аймағы – тік жазықтық пен шектелген, кәбілдік желінің (бұдан әрi – КЖ) жерастын бойлайтын жер телiмi, КЖ арналған екi жағынан желі шеткі кәбілдің арасы 1 метр және 2 метр кәбілді байланыс желілері (бұдан әрi – КБЖ);
      17) әкiмшілік-техникалық персонал – жетекшiлер, қызмет және бiрлестiктер бөлiмдерiнiң басшылары, кәсіпорындар, цехтар, зертханалар, аудандар және электр желiлерiнiң бөлiмшелерi, айтылған адамдардың орынбасары және де әкiмшiлiк функциялары жүктелген мамандар;
      18) кезекшi персонал – жедел басқаруға және жедел ауыстырып қосу мүмкіндігі бар және кезекшiлiкте болатын жұмыскерлер: диспетчерлер, кезектi инженерлер және техниктер, ауысым басшылары, үйдің және басқару тақтасындағы кезекшілер, жедел-шығу бригадаларының мүшелері. Егер Қағидалар мәтінінде бөліну талап етілмесе «кезекшi» термині қолданыла береді;
      19) жедел-жөндеу персоналы – бекітілген көлемдегі электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуге арналған, арнайы оқудан өткен және үйретуден өткен жөндеу персоналы;
      20) жөндеу персоналы – электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр қондырғыларын, ӘЖ, КЖ, ӘЖС, КЖС, релелік қорғанысты, автоматиканы, өлшеу құралдарын, найзағайдан қорғау мен оқшаулағышты, диспетчерлік мен технологиялық басқару құралдарын пайдалану-жөндеу қызмет көрсетумен айналысатын кәсіби мамандар және жұмысшылар, электр зертханалардың персоналы;
      21) жұмыс орнын дайындау – жұмыс орнындағы қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шараларды орындау;
      22) кәсіпорын – кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да заңды адамдар;
      23) біріктіру – бір мақсаттағы, атауы және кернеуі, тарату құрылғыларының (бұдан әрi – ТҚ), генераторының, тақтасының, құрастыру шиналарына біріккен және электр станциясының, қосалқы станциялардың және басқа да аймағында орналасқан электр тiзбегi (жабдық және шиналар);
      24) кернеумен жұмыс – тоқ өткiзетiн бөлiктерге жанасумен, жұмыстық кернеуде орналасқан немесе аралығында тоқ өткізетін төмен мүмкіндікті бөліктерімен атқарылатын жұмыс;
      25) биіктікте атқарылатын жұмыстар – жинақтау керек-жарақтарымен немесе тiкелей конструкциялар элементтермен, жабдықпен, машиналар және механизмдермен, биіктігі 5 метрде және топырақтың, жабындардан немесе жұмыс төсенiшінен жоғарыда атқарылатын жұмыстар. Бұл ретте жұмысшыны жұмыстың барлық сәттерінде және орын ауыстыру кезінде биіктіктен құлаудан сақтаудың негізгі құралы сақтандыру белдігі болып табылады;
      26) жұмыс орны – жұмысты орындау үшін персоналдың кіруіне рұқсат етілетін электр қондырғы учаскісі;
      27) нұсқау – жұмыстың қауіпсіз орындалуы
...