+1 дауыс
691 көрілді
Жақында бір танысымнан kz домендегі сайттар Қазақстандық хостингте тұру керек деген заң шығыпты дегенді естігенмін. Осы қаншалықты рас? Қазақстан хостингтерді қолдануға қалта көтермейді. Және де kz домен бағасы барлық доменннен қымбат.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕГМЕНТІНІҢ ДОМЕНДІК КЕҢІСТІГІН ТІРКЕУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ҚАҒИДАСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН ДОМЕНДІК АТАУЛАРДЫ ТІРКЕУ/ӨЗГЕРТУ/ЖОЮ ӨТІНІМДЕРІНІҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ БОЙЫНША СЕРВЕРЛІК ҚҰРАЛДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛУ КЕРЕК. «СЕРВЕРЛІК ҚҰРАЛ» ДЕГЕН ҰҒЫМ НЕНІ БІЛДІРЕДІ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ КӨРСЕТУ КЕРЕК?

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидаларына сәйкес, домендік атауларды тіркеу, өзгерту, жою өтінім формалары өзгертілді. Өтінімнің 9-шы тармағында өтінілген домендік атаумен интернет-ресурсты (вэб-сайт, пошталық сервер, FTP және т.б.) орналастыратын серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек.

DNS-серверлердің орналасқан жері анықталмайды.

Доменді бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасында орналасқан серверлік құралдың орналасқан жерін міндетті түрде көрсету керек. Мекен-жайы толық емес немесе Қазақстан Республикасының жанында болмаса, Тіркеу Келісімі қабылданбайтын болады.

Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, өзгерту жасаған кезде ағымды қолдау кезеңі аяқталғаннан кейін серверлік құралды ауыстыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы мекен-жайды міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.

Егер домендік атау Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату Қағидасын қабылдағанға дейін тіркелген және серверлік құрал Қазақстан Республикасының жанында орналаспаған жағдайда, 9 бөлімде өзгерту жасаған кезде өтінімде осы серверлік құралдың мекен-жайын міндетті түрде көрсету керек. Домендік атауды қолдау мерзімін ұзарту кезінде Сізге міндетті түрде домендік атауға өзгерту жасап, серверлік құралдың Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жерін көрсету керек.

 

Сілтеме: http://www.nic.kz/overview/faq.jsp

...