+1 дауыс
14.3k көрілді
Патриоттық әндердің сөздері керек еді ? Патриоттық әндер жарысына қандай ән айтуға болады?

https://surak.baribar.kz/279235/ Толық нақты жауап көрсетілмеген екен.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Атамекен

с. Қ.Мырзалиев
ә. Е.Хасанєалиев


Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымныѕ алақаны деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың aппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

 

Жас ұландар әні

ә. Есжан Әміровтікі
с. С. Ақсұңқарұлынікі

Қазағым менің ұлы елім,
ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу бұл әнім.
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік ұланың.

Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

Сен маған жұмақ бағысың,
Бар әлем сені танысын!
Ант берем мәңгі қорғауға,
Алаштың арын, намысын!


Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.

 

Сарбаздар маршы

с. Қ. Смағұл
ә. Қ. Сәтиев


Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.

Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.

Қара жер қаны сіңген бабалардың
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр,сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.

Алға бас, қарышта, жас ұлан,
Қанаты талмайтын, жас қыран.
Жастықтың жігері бойында,
Өзендей күші бар тасыған.

Рахмет. Жақсы жауап.
0 дауыс
Жасұлан әні мен  Сарбаздар маршы деген өлеңдердің музыкасын жіберіңізші
0 дауыс

Отаным менің Балалық шағым өзімнің жерім Қандай ғажап кең байтақ Қанша батырлар өмірін қыйып Елімізді қорғаған Қ-сы Отаным күнім Отаным жаным өзіңе мен тартылам Жүрек ұшқыны қазақ еліне Халқыма мен сылаймын Биік көтерем көк байрағымды Алаш сілтеген жолменен Қазақ еліме туған жеріме Антымды берем халқыма Биік таулары кең байтақ жерім Жастарға бер аманат Қорғайды елін қорғайды жерін Бірлігі күшті ел озар Әні мен өлеңін жазған, Ермек Оспанов ,87772939104

...