+11 дауыс
1.3k көрілді
Кешелі бері, сайт дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Сұрақтарымыз бен жауаптарымыз өшіп кетті деген сұрақтарды оқып жатқан болатынмын. Бірақ ол жағдайға жауап бермедім, себебі сайтты қалыпты жағдайға келтіру үшін еңбектеніп сайттың қатесін реттеумен болдым. Қазір ғана нақты базаны ретке келтіріп, болып отырмын. Енді сіздердің жауаптарыңыз бен сұрақтарыңыз қалпына келді. Кешеден бастап осы уақытқа дейін біршама сұрақ қойып, жауап беріп үлгерген қолданушылардан кешірім сұраймын. Ол ақпараттар өшіп кетті, бірақ мен басты ақпараттарды алып қалдым. Енді сайтта қиыншылықтар тумайтын шығар деген ойдамын. Алдағы күндері сайтқа қайта Сауалнаманы және  т.б. қосымшалар қосатын боламын. Аптаның үздік қолданушыларын да шығарып қалатын шығармын. Енді кешкісін шыға беретін қате де шықпауы керек деп отырмын бәрі жақсы болса.

Қазір өзім тексеріп көрдім. Барлық пошталарға хат барып жатыр және хат жылдам барады. Тексеріп көрсеңіздер болады.

Тағы басқа түсінбеген сұрақтарыңыз болса, жауап ретінде жазсаңыздар боалды.

12 жауап

+3 дауыс

Қап әттеген ай!Кешеден бері қаншама сұраққа жауап беріп едім!angry

Айбек Мен саған баллдарымды бере алам!!!
Белгісіз
+2 дауыс
почтама келгенді қалай білем,маган мүлде келмейді
балл кете-ма,алтын кете-ма әйтеуір -СЖ-сайтты аман болса болдығой?
Сіз агентте отқан кезіңізде,почтаға хат келеді ғой,сол кезде білесіз.Немесе Microsoft Office Outlook-пен кіріп көріңіз.
+3 дауыс
Еңбегіңе тек сәттілік тілеймін. Мақсатыңа жете бер деймін. Бізден не көмек соны айта отсаңда болады. Саған басқа сұрақ жоқ, Болса алдағы уақыттарда қоя жатармын.....
Рахмет үлкен үлкен.
+3 дауыс
иа келіп жатыр мен байқадым................
+3 дауыс
аха админ мырза келді! Қуанып отырық! Құрметті сжлықтар  бүгін чатқа жиналайық
+2 дауыс
менің соңғы сұрағымды қайтадан қалпына келтіре аласыңдар ма?
Өкінішке орай кешегі сұрақтарды қайта қалпына келтіре алмаймын. Бар ақпарат осылай қалатын шығар. Осы ақпаратты қайта қалпына келтіремін деп 2 күн бойы қиналып әрең істедім. Ұйқысыз түндер кетті, арты қайырлы болып ісіміз алға басар деген үміттемін.
+4 дауыс
Админ сосын менің  сіздерге айтар өтінішім бар әр қолданушы өз атын өзгерте алатын функция салыңдаршы.
Иә, мен де сізбен келісемін!Атыңды кейде қате жазып қалсаң,өзгерте алмай қаласың. Сондықтан, бұл жерде  Taylor-дың ойы дұрыс.
Кешір бірақ олай ете алмаймын. Алдын болған бірақ алып тастадым, сәл жауапкершілік болады. Ал қатты өзгерту керек болса арнайы бір себебі болып сол туралы жазып маған кері байланысқа хат жазатын болсаң өзгертіп бере аламын. Бірақ  тағы да қайталап айтамын, арнайы бір себебі болса ғана. Бостан бос өзгертіп бере алмаймын.
+5 дауыс

Алақай!Сұрақ-жуап сайтына бір кіріп бір кіре алмай қалушы едік.Енді бірқалыпқа келді.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!Ербол аға!

+1 дауыс
Сурак iздегенiмде сурактар неге шыкпай тур? Прошивка деп жазсам сурактар жок дым жок ол неге.
Іздеу сайттарында ақпарат сол surak-zhauap.kz бойынша қалып кетті. Оны осы сайтқа тіркей алмай жатырмын. Алдағы уақыта реттеуге тырысамын, не болса да енді szh.kz домені бойынша жұмыс істейтін боламыз.
+3 дауыс
. . . . .Сұрақ жауап дами берсін Аdmin мырза. . . . .
+1 дауыс
Шынында да сайт бұрынғыға қарағанда жылдам жүктеледі, қателіктер шықпайды. Хаттарда уақытында келіп бұрыңғы қойған сұрақтарымызды күнде қарап әлектенбей, біліп отыратын болдық. Енді қалған жалғыз мәселе сайттың жарнамасын шығару қажет!
+1 дауыс
админ мырза! осы  жақсы жауап жайлы: біреу сұрақ қояды да сосын өзі жауап береді, сосын өз өзіне жақсы деп білгілейді. сол мүмкіншілкті алып тастасаңыз.
...