+1 дауыс
840 көрілді
Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi туралы заңдарды тауып бересіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
3.1. Жа­яу жүргiн­шi­лер тро­ту­ар­мен не­месе жа­яу жүргiн­шi­лер­ге ар­налған жол­дармен, ал олар бол­маған жағдай­да, жол­ды жағалай, сон­дай-ақ Ере­женiң 17.1 және 17.4. тар­мақта­рының та­лап­та­рына сәй­кес қозғалуы ти­iс.

Көле­мi үлкен зат­тарды көте­рiп не­месе алып ке­ле жатқан жа­яу жүргiн­шi­лер, сон­дай-ақ дви­гате­лi жоқ мүге­дек­тер ар­ба­сымен ке­ле жатқан адам­дар, егер олар тро­ту­ар­мен не­месе жол­ды жағалай жүрген­де басқа жа­яу жүргiн­шi­лер үшiн ке­дер­гi кел­тi­ретiн бол­са, жол­дың жүргiн бөлi­гiнiң жи­егi­мен (көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң iш­кi ше­тiн бой­лай - бөлу жол жо­лақта­ры бар жол­дарда) қозғалу­ына бо­лады.

Тро­ту­ар­лар, жа­яу жүргiн­шi­лер­ге ар­налған жол не­месе жол­дың жағала­уы бол­маған­да, сон­дай-ақ олар­мен қозғалу мүмкiн бол­маған жағдай­да, жа­яу жүргiн­шi­лер ве­лоси­пед жо­лымен не­месе көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң ше­тiмен (көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң iш­кi ше­тiн бой­лай - бөлу жол жо­лақта­ры бар жол­дарда) бiр қатар­да қозғалу­лары­на бо­лады.

Ел­дi ме­кен­дерден тыс жер­лерде жа­яу жүргiн­шi­лер көлiк жүре­тiн бөлi­гiмен қозғалған кез­де көлiк құрал­да­рының қозғалы­сына қар­сы бағыт­та жүруi ти­iс.

Көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң ше­тiмен дви­гате­лi жоқ мүге­дек­тер ар­ба­сын­да ке­ле жатқан, мо­тоцикл, мо­пед, ве­лоси­пед жүргi­зушi адам­дар көлiк құрал­да­ры қозғалы­сының бағытын­да, жол­дың оң жағымен жүруi ти­iс.

3.2. Көлiк жүре­тiн бөлiк­пен қозғала­тын ұйым­дасқан жа­яу жүргiн­шi­лер ко­лон­на­сына көлiк құрал­да­рының қозғалы­сы бағытын­да оң жақпен, қатар­да төрт адам­нан ар­тық емес, қозғалуға рұқсат етi­ледi. Ко­лон­на­ның ал­ды­нан және ар­ты­нан сол жағымен қызыл жа­ла­уша ұстаған жүру­шi, тәулiк­тiң қараңғы уақытын­да және жет­кi­лiк­сiз көрi­ну жағдайын­да - ал­дында ақ түстi, арт­та қызыл түстi жағулы фо­нарь­мен жүруi ти­iс.

Ба­лалар то­бын тек қана тро­ту­ар­мен және жа­яуларға ар­налған жол­мен, ал олар жоқ болған жағдай­да - жол жағасы­мен, бi­рақ тәулiк­тiң жа­рық уақытын­да және ере­сек­тердiң бас­та­уымен алып жүру­ге рұқсат етi­ледi.

3.3. Жа­яу жүргiн­шi­лер көлiк жүре­тiн бөлiк­тi жа­яу жүргiн­шi­лер­ге ар­налған, оның iшiн­де же­рас­ты және жерүстi өтпе­лерi­нен, ал олар бол­маған­да - қиылыс­тардан тро­ту­ар­лар мен жол жағала­уы сы­зығы бойымен ке­сiп өтуi ти­iс.

Көру ай­мағын­да өтпе не­месе жол қиылы­сы бол­маған­да көлiк жүре­тiн бөлiк­тiң ше­тiне, екi жақтан да жақсы көрi­нетiн жер­ден тiк бұрыш жа­сап жол­ды ке­сiп өту­ге бо­лады. Көлiк жүре­тiн бөлiк­тi ел­дi ме­кен­де бөлу жол жо­лағы болған кез­де, сон­дай-ақ жа­яу жүргiн­шi­лер­ге не­месе жол қор­ша­ула­ры ор­на­тылған жер­лерде ке­сiп өту­ге тыйым са­лына­ды.

3.4. Қозғалыс рет­те­лiп тұра­тын жер­лерде, жа­яу жүргiн­шi, рет­те­ушi­нiң сиг­на­лын, ал ол бол­маған­да - көлiк бағдар­ша­мын бас­шы­лыққа ала­ды.

3.5. Рет­телмей­тiн жа­яу жүргiн­шi­лер өтпе­лерi­нен, жа­яу жүргiн­шi­лер көлiк жүре­тiн бөлiк­ке жақын­дап қалған көлiк құра­лымен арақашықтықты, оның жыл­дамдығын бағалап және ке­сiп өту олар үшiн қауiп­сiз екен­дi­гiне көз жет­кiзген­нен кейiн шығуына бо­лады. Көлiк жүре­тiн бөлiк­тi жа­яу жүргiн­шi­ге ар­налған өтпе­ден тыс жер­лерден ке­сiп өту ке­зiн­де жа­яу жүргiн­шi­лер, бұдан басқа көлiк құрал­да­ры үшiн ке­дер­гi кел­тiрме­уi және жақын­дап қалған көлiк құра­лының жоқтығына көз жет­кiзбейiн­ше тоқтап тұрған көлiк құра­лының не­месе көрi­нудi шек­тей­тiн өзге ке­дер­гi­нiң та­сасы­нан шықпа­уы ти­iс.

Ес­керт­пе. Рет­те­летiн және рет­телмей­тiн жа­яу жүргiн­шi өтпе­сi түсi­нiгi Ере­женiң 13.4-тар­мағын­да бел­гi­лен­ген рет­те­летiн және рет­телмей­тiн қиылыс түсi­нiгi­мен бiр­дей.

ҚР Үкi­метi­нiң 2005.12.10. № 1021 қаулы­сымен 3.6.-тар­мақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3.6. Көлiк жүре­тiн бөлiк­ке шыққан­нан кейiн жа­яу жүргiн­шi, егер бұл, қозғалыс қауiп­сiздi­гiн қам­та­масыз ету­мен бай­ла­ныс­ты бол­ма­са, кi­дiр­ме­уi не­месе аял­да­ма­уы ти­iс. Жол­ды ке­сiп өту­ге үлгер­ме­ген жа­яу жүргiн­шi қара­ма-қар­сы бағыт­тағы көлiк ле­гiн бөле­тiн сы­зықта аял­да­уы ке­рек. Әрi қарай қозғалыс­тың қауiп­сiз екен­дi­гiне көз жет­кiзген­нен кейiн бағдар­шамның (рет­те­ушi­нiң) сиг­на­лын ес­ке­рiп, жол­дан өту­дi жалғас­ты­руға бо­лады.

3.7. Жарқыл­дай­тын көк ма­ягi бар және ар­найы ды­быс сиг­на­лы iс­ке қосу­лы көлiк құра­лы жақын­даған кез­де жа­яу жүргiн­шi­лер жол­дан өтпей тұра тұра­ды, ал жол үстiн­де­гiлер осы көлiк құрал­да­рына жол бе­руi және мүмкiн­дi­гiне қарай көлiк жүре­тiн бөлiк­тi бо­сатуы ти­iс.

3.8. Марш­рут­тық көлiк құра­лы мен так­си­дi көлiк жүре­тiн бөлiк­ке қараған­да би­iгi­рек тұрған отырғызу алаңда­рын­да, ал жоқ болған жағдай­да - тро­ту­ар­да не­месе жол жағасын­да тұрып күту­ге рұқсат етi­ледi. Би­iгi­рек отырғызу алаңда­рымен жаб­дықтал­маған аял­да­ма пунк­тте­рiн­де көлiк құра­лына оты­ру үшiн көлiк жүре­тiн бөлiк­ке шығуға ол тоқтаған­нан кейiн ғана рұқсат етi­ледi. Түскен­нен кейiн көлiк жүре­тiн бөлiк­тi кi­дiр­местен бо­сату ке­рек.

Аял­да­ма пунк­тi­не не­месе одан көлiк жүре­тiн бөлiк арқылы қозғалыс ке­зiн­де жа­яу жүргiн­шi­лер Ере­женiң 3.4.-3.7. пунк­тте­рiнiң та­лап­та­рын бас­шы­лыққа алуы ти­iс.
...