+1 дауыс
42.5k көрілді
Қырғыз халқының биі,өнері,өлеңі,киімдерінің суреттері керек еді!!!!

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қырғыздар түркі халықтарына жататын, Орта Азияны мекен ететін халық. Қазіргі қырғыздардың ата-бабасы Енисейдің жоғарғы бөлігі Оңтүстік Сібірді мекен еткен. Түркі тілдес тайпалардың дәуірлеп тұрған кезеңінде қырғыздар Алтай, Ертіс, Тыва және Шығыс Саян аумағын қамтыған Қырғыз қағанатын құрды. Монғол империясының қысымынан кейін Алтай қырғыздары Тянь-Шань бөктеріне қоныс аударуға мәжбүр болды.

Негізгі діні Ислам болғанымен кей бөлігі Исламға дейінгі Көк Тәңір, Ұмай-Ана сынды сенімдерге бойсұнады. Тіпті қырғыздардың арасында буддизмнің тибеттік-монғолдық түрін ұстанатындары да кездеседі. Сондай-ақ, тарбағатай қырғыздарын буддист қырғыздар деп те айтады. Олардың ресми атауы – фоцзяо қырғыздар.

Қырғыздардың әлемдік аренадағы ең басты бренді – «Манас» эпостық жыры. Миллионнан астам жолдан тұратын жыр әлемдегі ең ұзын туынды ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ, аталмыш жыр ЮНЕСКО қорғауына алынған. «Манас» қырғыз халқының мәдениетін, философиясын, дәстүрі мен тарихын, көзқарасын, топонимикалық, этногенетикалық және тарихи атауларды түгел қамтығанымен де ерекше.

Қырғыздардың тыныс-тіршілігі мен дәстүрі бізге қатты ұқсас. Оларда да біздегідей ақындар айтысы ұлттық өнер ретінде бағаланады. Негізгі аспабы – қомуз. Ұлттық спорттық ойындары – көкпар («улак-тартыш», «кёк бору»), күрес («курёш», «алыш»). Барлық көшпенді халықтар тәрізді қырғыздар да жылқыны өте қатты қадірлейді. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады.

Әлемге танылған ірі тұлғаларының ішінде Шыңғыс Айтматовтың орны ерекше. Сондай-ақ, қырғыздардан Құрманжан Датқа, Женишбек Назарәлиев сынды белгілі адамдар шыққан. Тарихы бізбен тамырлас қырғыз ағайындарымыз да 1991 жылы азат ел атанып, әлемдік сахнадан өз орнын алды.

Әнұраны:

Ак мөңгүлүү аска, зоолор, талаалар

Элибиздин жаны менен барабар.
Сансыз кылым Алатоосун мекендеп,
Сактап келди биздин ата-бабалар.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

Байыртадан бүткөн мүнөз элиме,
Досторуна даяр дилин берүүгө.
Бул ынтымак эл бирдигин ширетип,
Бейкуттукту берет кыргыз жерине.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

Аткарылып элдин үмүт тилеги,
Желбиреди эркиндиктин желеги.
Бизге жеткен ата салтын, мурасын,
Ыйык сактап, урпактарга берели.

Кайырма:
Алгалай бер кыргыз эл,
Азаттыктын жолунда.
Өркүндөй бер, өсө бер,
Өз тагдырың колунда.

0 дауыс
http://www.asia-travel.uz/kyrgyzstan/obychai-i-tradicii-kyrgyzstana/

http://ruzanna.org/board/kirgizskaja_muzyka/kirgizskie_pesni/193

http://clubs.ya.ru/4611686018427429344/replies.xml?item_no=66861

http://www.silkroadadventures.info/ru/Kyrgyzstan/7Culture/7Culture-6.html
0 дауыс
Рахмет,сұрақ-жауап сайты.Даусы қайда
...