0 дауыс
94.6k көрілді
Қиысу, матасу, меңгеруді ажырату оңай да, қабысу мен жанасуды дұрыс ажырата алмаймын, көмектеріңіз қажет.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы аркылы бір жақта және 1—2 жақтарда жекеше я көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс үйінен жүгіріп шықты. (С. Е.) деген сөйлемде бастауыш пен баяндауыш III жақта қиысып тұр. Егер Ілияс деген сөздің орнына біз деген I жақтағы сөзді қойсақ, баяндауыш та өзгеріп, I жақ көпше түрде айтылады: біз жүгіріп шықтык.
Матасу. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. (Ә. Нұрш.) Осындағы менің әкем, Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матаса байланысып тұр.
Меңгеру. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сынардағы сөздің атау мен іліктен баска септік жалғауларының біреуі жалғану не шылаулар арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.
Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. (Ғ. Мұс.) Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.
Қабысу. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Одағым десем ойыма Айдын шалқар көл түсер (Жамбыл.) Осындағы айдын шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.
Жанасу. Басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарының орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрі жанасу деп аталады. Мысалы: Ол мектепті биыл бітірді деген сөйлемде биыл сөзі бітірді деген сөзге қатысты болып, оның тұрған орны арқылы байланысқан. Кейде Ол биыл мектепті бітірді немесе Биыл ол мектепті бітірді болып, араға сөз салып та байланыса береді.
+1 дауыс

 

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

+1 дауыс
Қабысу тек іргелесіп қана байланысады. Мысалы: Айнұр сұлу қыз. Бұл жерде қабысу сұлу қыз. Бұл екі сөздің арасына сөз қоя алмаймыз, тек іргелесіп қана байланысады деген осыдан. Ал жанасу болса іргелесіп те алшақ тұрып та байланысады. Мысалы: Ол мектепті биыл бітіреді. Биыл ол мектепті бітіреді. Яғни мұнда қарасақ алшақ тұрып та іргелесіп те байланысып тұр)
0 дауыс
Екеуіне мысал келтіретін болсақ

Қабысу: он оқушы, бұл кітап жоғары шықты
Жанасу: бүгін келді кештете келді бүгін күңгірт
0 дауыс
Жоғарыда аталғандар дұрыс, бірақ тағы бір жолы

Кабысудың байланысатын сөздері есім сөздерден(зат есім, сан есім , сын есім) болады, ал жанасуда міндетті түрде байланысқан сөздердің кемінде біреуі етістік тұлғалы болады
...