+1 дауыс
872k көрілді

Жаңа туған сәбиге қандай тілек айтуға болады? Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Дүниеге сәбидің келуі - өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады.

Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. Тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні - қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата - анасы үшін!
***

Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен.
Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді.

***

Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман - есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!

***

Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.

***

Қыз болса:

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
***
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!
Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!

Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата - анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!

Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер қыз болса:

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.

*

Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

*

«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата - әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.

*

Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!

*

Қасқырдың қайратын,

арыстанның айбатын,

жылқының сақтығын,

бүркіттің қырағылығын тілеймін.

*

Тау суындай таусылмас қайрат,

Сыр суындай сарқылмас жігер,

Гүлдей жайқалған ғұмыр,

Гүлдей тербелген өмір тілеймін.

*

Қажымас қайрат,

Талмас талап,

Мұқалмас жігер,

Қайтпас қажыр тілеймін.

*

Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен

құттықтау қарлығашын жолдаймын.

Ал егер ұл болса:

Туғанда қуантқан ұлым мынау,

Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,

Әкеңде арман бар ма, көрсе егер

Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!

Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,

Келешекте бір маманның иесі бол.

Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,

Дүниеден алатын сыбағаң мол.

*

Тілерім енді менің жалғызыма,

Сәлем бермей өсірген хан қызына.

Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,

Арманым жоқ дүние базарында.
0 дауыс
"Кішкентайдың бауы берік болсын"
0 дауыс

Қадірлі қонақтар!

Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!

Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!

Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне  мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ  «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.

Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.

Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!

Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді

Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!

Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!

Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!

Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.

0 дауыс
Кішкентайлардың бауы берік болсын. Екі сәбиге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Болашақтары қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Ұзақ ғұмырлы, көркем көңілді болсын. Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
...