+1 дауыс
804 көрілді
Кітаптағы мәлімет бойынша атыраулықтар Каспий теңізі арқылы шет елге,яғни Иран мен Әзірбайжанға шыға алады екен.Онда неге теңіз портын Ақтауда салған?

2 жауап

+2 дауыс

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты (АХТСП РМК) Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан, түрлі құрғақ жүктер мен мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған Қазақстан Республикасының жалғыз теңіз порты. Бұл порт қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы деп қысылмай айтуымызға болады.

Ақтау порты 1963 жылы салынған және географиялық жағынан ұтымды жерге орналасқан. Бұл порт халықаралық сауда қатынастарын дамыту мақсатында Қазақстанның өндірісті аймақтарын байланыстыра отырып Солтүстіктен Оңтүстікке, Батыстан Шығысқа баратын транспорт дәлізін қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Яғни, Каспий, Қара теңіз – Жерорта теңізі порттарына және Балтық бассейндері, Парсы шығанағы елдері мен Оңтүстік Шығыс Азияға шығуды қамтамасыз ете отырып, ТРАСЕКА және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транспорт дәлізінің бір бөлігіне айналып отыр.

Мұнай өндіру ауқымының болашақтағы өсімі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кеніштерді белсенділікпен игеруге көбірек байланысты. Осыған орай Қазақстанның теңіз порты арқылы мұнай тасымалының болжанып отырған көлемі жылына 60 млн. тоннаны құрап отыр. Тасымалдың мұндай мүмкіндігі Иногейт, SWAP (Иран), Баку–Супса, Махачкала-Новороссийск секілді жұмыс істеп тұрған бағыттарға қоса Баку-Тбилиси-Джейхан сияқты жаңа жобаға Қазақстанның қатысуы арқылы шешілмек.

Толығрақ!

жақсы рахмет,неліктен Ақтауда салынғанын түсіндім.Бірақ неге кітапта Атырау арқылы делінген екен,Ақтау арқылы десе ше?
0 дауыс
Каспий  ақтауда емес па?.........
...