0 дауыс
3.2k көрілді
Қыздар үйлене ме жоқ әлде тұрмыс құра ма?Осы екеуінің қайсысы дұрыс? Мен кейінгі кездері қыздар туралы айтқанда , көбінің аузынан ана қыз үйленді деген секілді сөздерді жиі еститін болдым. Дұрысы, қыздар тұрмыс құрады деп айтылады емес пе?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үйленді деген жігіттерге айтылатын сөз ғой. Түп мағынасына үңілсек үй болу деген сөзден шыққан. Қыздарға тұрмыс құрды деген келеді. Яки басқа ауылдың түтінін түтеді.
сізбен толық келісемін!
–1 дауыс
екеуі синоним ғой , қалай айтсада бәрібір сияқты
–1 дауыс
Тұрмыс құру, үйлену, отбасылы болу барлығы синонимдік ұғымдар.
–1 дауыс
Мен де қыздар үйленбейді деген сөзді жиі естимін.

"Үйлену" деген сөздің құрылысына қарасақ, ол "үй" сөзінен пайда болғаны анық, оған жұрнақ қосылып,  үйлі болу деген мағынаны білдіреді. Екі адамның да үйлі бола алатынын ескерсек, меніңше, бұл сөзді кез келген адамға қатысты қолдануға болатын сияқты.
+1 дауыс
Уйлену деген еркектерге айтылады ал турмыс куру деген кыздарга айтылатын соз деп естигем.
0 дауыс
неге беталды сурак кояды екен ?
Бұл беталды сұрақ деп ойламаймын. Сөздер дұрыс орнымен қолданылуы керек.

Ұқсас сұрақтар

...