+2 дауыс
17.1k көрілді
Шынымды айтсам мен фотоға тусе алмайм.Жаман болып тусем..(((Суретке түсудің сыры қандай? Қалай әдемі түсуге болады?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Камера обьективіне фотографтың бұйрығынсыз қарамаңыз. Себебі сіз обьективке қарасаңыз, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, дене бітіміңіз, аксессуарларыңыздың маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Суретте тек көзіңізге назар аударылатын болса, фото сәтсіз шығады. Психологияның айтары да сол, егер адам суретте тіке сізге қарап тұрса, көрермен суретті бағалай алмайды. Мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз...

2. Суретке түскенде, басты тік ұстау да қате. Егер ер адамның суретінен оның күші, қуаты көрініп тұруы керек болса, қыздың суретінен мінезі, сұлулығы, еркелігі байқалуы керек. Дене бітімді толық алып түсу – көбіне балалар мен қарт адамдарға тән. Әлде дене бітіміңіз әскери немесе спортшыныкіндей болса, толық түсуге қарсы болмасаңыз да болады. Тағы бір ескертетін жәйт, фотографқа қарай еңкейіп түсуге әуес болмаңыз, өйткені мойныңыз бен тамағыңыздағы тері қыртыстары сұлулығыңызды көрсетпейді.

3. Қол-аяғыңызға ие болыңыз. Қолыңыз салбырап немесе жөнсіз көтеріліп тұрмауы керек. Жинақы болу – сіздің ішкі сеніміңізді көрсетеді. Егер сіз әртіс болмасаңыз, жасанды күлкіңіз жағымсыз әсер қалдырады. Сондықтан да «чиииз»-ді ести салып, тісіңізді ақситуға асықпаңыз. Ал егер шараңыз таусылып, күлуіңіз керек болса, тек суретке түсіруге бір секунд қалған кезде күліңіз. 3 секунд ыржиюдан соң сіз бәрібір де өтірік күлесіз.

4. Сіздің артқы фоныңыз суреттің сапалы шығуына әсер етеді. Сіздің теріңіздің түсі фонмен бірдей болмауы керек. Жұтылып кету қаупі бар. Фон түрлі-түсті болған жағдайда сурет сіздің барлық көңіл-күйіңізді өшіреді. Сондықтан да бір немесе екі түстен құралған фон жайлы болмақ.

5. Қолыңыз, иығыңыз, білегіңіз – барлығы да фотографқа көрінуі керек. Ешқашан да қолыңызды артыңызға қойып түспеңіз. Қолыңызды желкеңізге қойып түскен суретіңіз бар ма? Бар болса, дереу жыртып тастаңыз. Бұлай түскенде адамның омыртқасы қисайып, мойныңызды басыңыздан үлкен етіп көрсетесіз. Жеңі шолақ жейде кисеңіз және қолыңызда сағат немесе қандай да бір аксессуар болмаса, қалтаңызға салыңыз.

6. Адам көркі шүберек екенін де ұмытпаған абзал. Шашыңыздың сәніне көңіл аударыңыз. Іс-әрекет динамикасы жайылған шаш арқылы көрінеді. Шашыңызды алға тарасаңыз, көзіңізден бір сыр байқауға болатындай әсер қалдырады. Тартыла таралған, артқа қарай жатқызылған шаш салтанатты жағдайда ғана қолданылады. және

0 дауыс
Суретке түсудің ешқандай сыры жоқ. Жай ғана күлімдей қалсаң болғаны әдемі сурет шыға келеді. Ол сурет өзіңе ұнамағанымен өзгеге ұнауы мүмкін............
–3 дауыс
тури жаман адамдардын жанында тус Адееееем боласын
қатырасың(((( Суретке тусуді уйрететін ештеңе жоқпа?
хихи комиксің ғо
–2 дауыс
Уроки фотографирования деп іздеп көрші,бірақ табасын ба,таппайсын ба оны білмеймін.Мен сізді түсінбедім өміріңізде суретке түсіп көрмеген адамдарша сөйлейсіз ғой.Әлде суреттеріңіз сәтсіз шыға ма,оған фотоаппараттың еш кінәсі жоқ.
+1 дауыс
Суретке түскенде камераға өте жақын болмау керек.
0 дауыс
Бір екі фотоңызды салыңыз, байқап қарайын.
Нені байқайсыз((((((
Фотоға түсу әдісіңізді. (қимыл, поза)
+1 дауыс
Фотошоп әдімілейді бәрін)) әзіл))

/////

Суретке түскенде объективке қарап түссен сенің суретіне қараушы адамның назары сенің көздерінде, түр әлпетінде ғана болады, ал объективке қарамай, басқа жаққа қарап тұрсан суретіне қараушы адамның назары сенің киіміне, шаш үлгіне, айналадағы заттарда болады.

////

Тілінді сәл шығарып или бір көзіңді жұмып, или зайчик сияқты екі саусағынды көрсетіп па бір позитивно түссен болады. Қазір қыздардың 99.99 проценті еріндерін шүртитіп түседі суретке))))))
қалған 1 процентіне мен кіремін!!!!!!!!!!!!!!!!!)))))))))))))))))))))))))))))))))))
ал адамдардың назары қайсысында болғаны жақсы
+1 дауыс
+2 дауыс
Суретке түсудің ең бір сыры-суретке түсіріп жатқан кезде басқа нәрсені ойлау!Біз мысалы суретке түсірейін деп жатқанда қатып тұрамыз қашан шүрітпені басады екен деп,жасанды түрмен түсетіндер бар,керісінше істеу керек,суретке түсірерде сәл қимылдап,басқа керемет нәрселерді ойлап түсу керек!

Ұқсас сұрақтар

...