+1 дауыс
973 көрілді
Сүйген қызым оқуын оқысын деп едім...(((( Армандап еді бірге барып Алматыға оқуға түсеміз, бірге боламыз деп, бірақ кейін мен өзімнен күдіктене бастадым, сөйтіп сол қыз барып оқысын арманына жетсін деп шештім! Сүйген қызыңа сүймейм деп айту қиын екен, жүрек қан жылады! Міне 4-5жыл болды, арамызда ештеңе жоқ, бірақ 4жыл көрмегеннен соң тағы байланысып кеттік, ал мен оны 4 жыл бойы ұмыта алмадым, оған деген сезімімді ешкімде су сепкендей баса алмады, өзімде анау айтқандай ғашық бола алмадым, қыздың есімі түк аузымнан түспесе қайтем, ақыра қазір агентте араласып тұрамыз,ол оқуын оқып жүр, ал мен онымен қайта көріскеннен бері, бұрыннан бетер ұнатып қалдым, Бірақ ол осы 4 жылдың ішінде өзгерді, жігітпенде жүріп қойды, мені ұмытып, өзгеге қатты ғашық, ол жігіт бірақ қазір екеуі араласпайды, мүлдем, мен шыны керек қайта қосылғым келеді, оның күлкісі, қасымда болған кездері, иісі  қатты қалайм қасымда болғанын,,, бейне бір осы әлемде одан басқа жан жоқ сияқылды маған, бірақ өзіне ашылып айта алмайм, қорқам, дегенмен бұрынға Маке емеспін, адам өзгереді екен, айтайын десем тілім байланып қалатындай сезінем, қайтсем екен?????????????????????

4 жауап

0 дауыс
сонда бірге жүруіңізге не кедергі болды алғашқыда? махаббат деген өткінші нәрсе сияқты сүймеген адамға бірақ мен айтар едім адам сол махаббатты сезіне білгенімен адам. махаббатты сезінген адам бақытты деп. махаббатың үшін күрес дер едім,өзің біраз уақыт алшақта жүрдің сол уақыт арасында сенің оған деген сезіміңнен көрі күдігің басым сияқты. сен алдымен өзің бір шешімге кел содан соң оған ішіңдегін ашылып айт. шешінген адам судан тайнбас дейдігой.
мен оны ұмытармын деген ой болды, себебі қатты сүйдім, тіпті өзімді ұмытып оның болашағын ойлап кеттім! Болашақтың арманын маған айтқанда орындағым келіп тұратын, ауырса мен ауырсам екен деп тілейтінмін, есімін жақсы көрем деп қанмен жаздым, енді керек пе келіп сұраса, бар денемдегі қаныммен жазудан тайынбаймын!
0 дауыс
Осы тарихты менің жақын жолдастарымның бәрі біледі! Айтарлары алып қашайық!))) Сіздер не дейсіздер, мен дінге жүрегім жақын болғандықтан, ондайға барғым келмейді, оныңда өзгергені сол, ол қызда дінге жақындаған, өткен жылы мешітте Қадір түнін күзеттік! Менің ең керемет түнім! Алланың маған жасаған сиы болар!
Аллаһым Қадір тунінде бірге болуды жазған екен, енді мәңгі бірге болуды да жазар.
0 дауыс
Дұрыс жасапсыз оқуына кедергі болмағаныңыз, эгоисттік жасамағаныңыздың өзі нағыз жігіттік! Оқуын толық аяқтағанын күтіп, оқуы біткен сон барып үйленгеніңіз дұрыс ғой, сіз де оған дейін қарап жатпай дайындала бересіз. Бақытты болыңыз, тілектеспін!
Сізде мүмкіндік бар,осы бос өткізген 4 жылдын орнын толтырыныз.Қайта озінізге қайтарыныз барі өзініздің қолынызда.Аллатағалам сізді қайта сөйлестіріп сізге көзге көрінбес мүмкіндік беріп тұр.Осы мумкіндікті жіберменіз.Ен бастысы оны қайта жоғалтпау.
+1 дауыс
Оқуын жалғасытар беріңіз.Өзімшіл болмаңыз.Ол сіздің құлыңы еме қой
...