Грант иегерлерінің көпшілігінің тізімі шығып қойды. Бірақ нақты официальный емес. Сондықтан 10-ы күні шығатын Егемен Қазақстан газетін күтеміз. https://surak.baribar.kz/qa-theme/nerban/granty_2011.xls Осы жерден алғашқы шыққан грант тізімдерін жүктеп ала аласыз. Бірақ бұл тізімде 31387 адам көрсетілген. Негізі мемлекет 36 046 грант бөлген. 35 046 күндізгі , 1000 сырттай бөлімі. Менің ойымша қалған 5000 мыңдайы ауылдық квотаға талас болып жатқан секілді. Күдер үзбеңіздер тағы да толық ақпарат ертең белгілі болады. Сондықтан ертен де осы сайтымызға кіріп тұрыңыз. Нақты ақпарат шықса жауап түрінде жазамыз.