+2 дауыс
304k көрілді
Жолда жүру ережесі туралы шығарма не болмаса реферат керек еді. Жедел түрде тауып бере аласыздар ма? Оқушылар үшін жол ережесі туралы шығарма жазуым қажет.

12 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері

басымдылық белгілері

тыйым салу белгілері

міндеттеу белгілері

ақпараттық-көрсеткіш белгілері

қызмет көрсету белгілері

 Қосымша тақтайшалар

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады
Өте жақсы жазыпсыз
0 дауыс

Жолда жүру ережесі

"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын

Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.

0 дауыс
Жолда жүру ережесін сақтайық

Жолда жүру ережесі Абайла, балалар!

Мақсаты:

1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық.

Топтардың танысуы. «Үлгілі жолаушылар» тобы Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен. «Жас инспекторлар» тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. 1-сайыс «Көше ережесі тарихынан» 1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу» 1-топ 1-оқушы: Армнға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен. 2-топ 2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жол жүру ережесін білмей тұрып. 3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық. 3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі. 4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым. 5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру 1) Бағдаршам деген не? 2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім? 6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді? 12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді? 6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. 7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады. 1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) 2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) 5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) 8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз. Біз, жаяу жүруге дайынбыз! Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; 2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; 3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері. Барысы. 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадында ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. 1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі заңды тәртіп- Ол ортақ Үлкен кіші баршамызға! 2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге кепген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен . 1-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз. І топ. «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. ІІ топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл! ІІІ топ. «Жүргізуші» Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік! ІV топ. «Қиылыстар» Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: «Бағдаршам» І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды) 1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. 3-оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 4-оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. 5-оқушы. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. 6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. ІІ топ. «Жол белгілері» 1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл. Егер оны білмесең, Тартар жолың бұлынғыр. 2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған. Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 3-оқушы: Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. 4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 5-оқушы:

Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.

Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда. Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны да арта түскен.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының айтуы бойынша бір ғана Алматы қаласының өзінде былтыр 3 мыңға жуық жол апаты болып, соның салдарынан 47 адам көз жұмыпты. Ал биылғы жылдың басынан бері Алматы қаласында 473 жол апаты оқиғасы тіркелген
0 дауыс
Ертеде адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерлерімен баяу жүретін еді. Келе-келе жолдың қажеттігі туды. Бірте-бірте ат арбалар, түрлі көліктер жолда араласып жүретін болды. Серуен-саяхат көбейді.

Саяхат жасауды ұнататын орыс патшасы Петр І кезінде жолдың түйіскен жерлеріне ағаштан баған орнатып қоятын болған. 1817 жылдан бастап ағаш бағандар арақашықтықты өлшейтін бағаналармен алмастырылған. Қала тұрғындары көбейген сайын олардың жүріп-тұруы қиындай бастады. Ат арбамен жүрудің өзі де күрделене бастаған.

Ертеректе ат жегілген күймелердің ат айдаушылары арасында жүру тәртібін бұзатындар болыпты. Соған қарай, ат айдаушыларға тыйым салатын жарлықтар да шыққан көрінеді. 1742 жылы дәл сондай жарлық шығып, ат айдаушылардың өрескел тәртіп бұзушыларын полицейлер арқылы жазаға тарту туралы жарлық та шығыпты.

1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалыпты. Арада жылдар жылжып өте береді. Жол бойында автокөліктер жүре бастайды.

Ресейде 1920 жылдың 10 маусымында «Мәскеу және оның аймағында автокөлік жүрісін тәртіпке келтіру туралы» дерекке В.И.Ленин қол қояды. Онда жүргізушілерге жылдамдықты белгілеген мөлшерден арттыруға болмайтыны және жолдың тек оң қапталымен жүру керектігі ескертіледі.

Бұл ереже сол кезде Ресейде ғана қабылданды. Содан кейін автокөлік саны өскен сайын ереже талаптары да қатая бастады. Уақыт өткен сайын өмір талабы да өзгере бастады. Машиналар саны көбейді. Жүріс-тұрыс қиындай түсті. Соған орай Жолда жүру ережелерінің талаптары да өзгеріп, қаталдана берді. Кеңес Одағында, оның барлық аймақтарында жолда жүру кезінде ерже бұзғандарға әкімшілік шара қолданып, жауапқа тарту жүзеге аса бастады.

Біздің елде алғашқы ережелер 1931 жылы Алматы қаласында қабылданды. Ол Алматы көшелері мен аумағындағы жұмысшы поселкелері мен кіші стансаларға ғана қатысты екен. Осы жылы Алматы қаласында не бары 109-ғой автокөлік болыпты. Оның 49-ы жеңіл, 59-ы жүк машиналары еді. 1935 жылы машина саны 640-қа жеткен.

Республика бойынша 1930 жылы не бары 596 автомашина, 93 мотоцикл есепке тіркелген. Ол кезде көліктің аздығына қарамастан, жол-көлік оқиғасы да болыпты. Әрине, оның басты себебі жүргізушілердің жауапсыздығынан болған...

1937 жылы Алматы қаласында шілде айында Мелдеу шатқалында жұмыста жүрген 3 тонналық жүк машинасының жүргізушісі Б. деген азамат қорабына 37 адамды отырғызып, қалаға қарай щыққан. Жүргізушінің сапарға шықпас бұрын ішімдік ішкенін ешкім білмеген. Ылдиға қарай келе жатқан машинаның руліне ие бола алмай, оны аударып алған. Соның салдарынан 1 адам қаза болып, 15 адам жарақаттанған. Ашық сот барысында жүргізушіге ату жазасы беріліпті. Гараж меңгерушісі 5 жылға, аға механик – 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кездегі заң талабының өте қатаң болғаны көрініп-ақ тұр.

Кеңес дәуірінде пайдаланылған жолда жүру ережелеріндегі талаптар бірнеше мәрте өзгеріп, қайта толықтырылып, әбден күшейтілгенімен, дәл сол кездегідей қатал емес еді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, әр елдің өз заңы, өзі ережесі болуы қажет еді. Соған орай, Қазақстан Республикасының жолда жүру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді халықаралық жолда жүру Конвенциясының талабына сай келтіру қажет болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының «Жолда жүру қауіпсіздігі туралы» заң қабылданды. Сонан кейін Қазақстан Республикасының үкіметі 1997 жылғы 25 қарашада «Қазақстан Республикасының жолда жүру ережелерін» бекіту туралы қаулы қабылдады. Ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енді. Бүгінде ол тәуелсіз еліміздің қолданыстағы жолда жүру ережелері.

Автокөліктер жолы сан қилы. Бағыты да әр түрлі. Жолда жүретін жүргізушілерде есеп жоқ. Көлік мінген адамдардың көптігін санап тауыса алмайсың. Толассыз, тоқтаусыз жүріп жатқан жүргізушілер бір ауылдың, бір ұлттың адамдары емес қой. Олар өзара бірін-бірі қалай түсінеді? Міне, осы тұста жолдағы мың сан жүргізушілерге өзара тіл табысу үшін көмекке келетін жүріс-тұрысына бағыт сілтейтін – жол белгілері. Қазақстан, Өзбекстан, Рсей,Франция, Италия, Германия, Венгрия, Румыния мен Австрияда ... сапарға шыққан жүргізушілер жол белгілерін көріп, қандай бағытта қалай жүру керектігін біледі. Адаспайды. Жүрген жердің тілін білудің қажеті жоқ. Жол белгілері «халықаралық тіл» болғандықтан, оның суретіне қарап өз бағытыңды тауып аласың.

Жолда жүру халықаралық Конвенциясына кірген елдердің қай-қайсысының жолдарында қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, қырғыз т.б. басқа сан ұлттың өкілдері жүре алады.

Жүргізушілердің білім дәрежесі, шеберлігі, тәжірибесі күн санап жоғарылап келеді. Соның өзінде жолда жүру ережелерін бұзатындар баршылық. Осыған орай жолда жүру ережелеріне әр кезде өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, олар жаңара бермек.
0 дауыс
салеммм маган велосипед менин жеке колигим атты шыгарма керек еди комектесе аласыздарма тез арада рахммеееет мен оны осылай жариялаган едим
0 дауыс
жол ережеси казирги заманда оте коп.онын барин адам баласы бес саусактай билу керек
0 дауыс
Жолда журу ережелерин балаларда улкен кисилерде билу керек .Ол адам омирин сактап калады.
0 дауыс
Таңбадағы ақпарат туралы мәтін керек еді
0 дауыс
Жол ережесі туралы сұрақтар керек
0 дауыс
Жолда жұру үшін жол белгісіне қарау керек
0 дауыс
Жолда жүру ережесін сақтайық

Жолда жүру ережесі Абайла, балалар!

Мақсаты:

1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық.

Топтардың танысуы. «Үлгілі жолаушылар» тобы Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен. «Жас инспекторлар» тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. 1-сайыс «Көше ережесі тарихынан» 1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді. 2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу» 1-топ 1-оқушы: Армнға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен. 2-топ 2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жол жүру ережесін білмей тұрып. 3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық. 3-сайыс «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі. 4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу» Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. 1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым. 5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру 1) Бағдаршам деген не? 2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім? 6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді? 12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді? 6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. 7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады. 1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) 2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) 5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) 8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз. Біз, жаяу жүруге дайынбыз! Мақсаты: 1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту; 2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; 3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері. Барысы. 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадында ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. 1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі заңды тәртіп- Ол ортақ Үлкен кіші баршамызға! 2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге кепген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен . 1-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз. І топ. «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. ІІ топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл! ІІІ топ. «Жүргізуші» Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік! ІV топ. «Қиылыстар» Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: «Бағдаршам» І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды) 1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. 3-оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 4-оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. 5-оқушы. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. 6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. ІІ топ. «Жол белгілері» 1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл. Егер оны білмесең, Тартар жолың бұлынғыр. 2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған. Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 3-оқушы: Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. 4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 5-оқушы:

Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.

Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда. Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны да арта түскен.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының айтуы бойынша бір ғана Алматы қаласының өзінде былтыр 3 мыңға жуық жол апаты болып, соның салдарынан 47 адам көз жұмыпты. Ал биылғы жылдың басынан бері Алматы қаласында 473 жол апаты оқиғасы тіркелген.
0 дауыс
Жолда журтін .болсақ абайлап журу керек
...