Осы уақытқа дейін нешеме кітаптарды оқыдым. Бірақ солардың ішінде ерекше әсер етіп, өмірімді өзгерткен ең алғашқы кітап Нұралы Өсерұлының діни кітабы болды. Сол арқылы көп нәрсені түсініп, өмірімнің мақсатын айқындағандай болдым. Ал, жалпы кітаптардың ішіндегі ең абзалы ол әрине Құран. Құран он төрт ғасыр бұрын түскен кітап болса да әлі ескірмеген, заманның ең қажетті кітабы.