Бұрын кеңес уақытында барлық үйде екі тарпасы бар, астында кілпен жабылатын есіктері бар сервант болатын. Біздің үйде әжем, кейін анамыз сол кілттелетін жеріне тәттілерді салып кілттеп қоятын.Анамыз балалардың тісіне зиян деп ,тәттіге сараңдау болды. Кейде әжеме де ұмытып кеткен болып кілтті бермей, жұмысына кетіп қалатын, сол кезде әжеміз марқұм "ой адрам қалғыр, мынау қайтеді " деп тарпаны суырып алып , тәттіні алып,өзі де шай ішіп, бәрімізге таратып беретін. Сол сервант ауылдағы үйде әлі бар, антиквар болып тұр. Қазір бәріміз тағдырдың жолымен Қазақстанның әр облысында тұрамыз, кейде ауылда басымыз қосылғанда осыны есімізге алып бір күліп аламыз.