0 дауыс
11.5k көрілді
Қазақ халқының тарихында бидер жайлы көп кездескен. Мен ғылыми жоба қорғап жатыр ем. "Би" сөзінің мағынасы::::::::

5 жауап

0 дауыс
Би деген сөзге шешен, әр түрлi даудамайларды шешiп беретiн адамдар емес пе, мысалы үш бидi бiлетiн шығарсың, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, осылар жайлы айтып отырған боларсың...
йа, рахмет білемін) Бірақ, "Би" сөзі қайдан шыққан?
0 дауыс
Би сөзі билік деген сөзге қатысы бар. Билікте отыатын адамдарды би деп те атайды.
0 дауыс
би араптың екінші әрәбі.......
0 дауыс
Менің ойымша би сөзі бас немесе басшы деген мағынада сияқты.Мысалы билеу мен басқару бір мағынада қолданылады.
0 дауыс
Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.

Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:

ел билеушісі, иелік етуші;
сот, төреші;
батагөй, шешен;
бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.
...