+1 дауыс
2.3k көрілді
Мен Солтүстіктен болам. Біздің жақта білесіздер бәрі орыстанып кеткен.Өзім де орыс ауылдан.  Университетті орысша бітірдім.  Менің намаз оқуға ниетім бар. Бұл жайлы достарыммен туыстармен сөйлескен едім, бәрі қарсы болды. Білмеймін неліктен олай? Мешітке жиі барып тұрамын. Намаз оқуға дайын бір кітапша сатып алдым. Ертен өкінбеймін ба? Оқығым келеді бірақ.... Не істесем болады? Және намаз туралы мәлімет берсеңіз... Рахмет!

6 жауап

–2 дауыс
1 ші ескертуіміз болсын.*
–2 дауыс
Оның несiне өkiнесiң? Намаз оқу өkiнетiн нәрсе емес, kерiсiнше сауап қой, бес парыздың бiрi ғой -намаз оқу. Оқығанда шын ниетiңмен оқысаң болды, теk басқаша оқып kетпе, айтқым kелгенi уахабшылар қатарынан аулақ бол. Ал үйiңдегiлер қарсы болса, жақсылап түсiндiрiп kөр, онда да қарсы болып жатса, оқымағаның дұрыс, Намаз оқымасаң да ниетiң таза болса болды...
Әй, бауырым-ай, сонда сенің намаз оқитындардың ниеті таза емес дегің келе ме? Құдай саған тура жол табуды нәсіп етсін! Ақиқатты таныған адамға оқыма деп қалай айтасыз?
үйіңдегілер қарсы болса оқыма... не деп отсың сонда? Аллаһ Тағала сені өмірге әкелерде ата-анаңнан сұрады ма? Әрине сұраған дұрыс. Бірақ қарсы болса да түсіндіріп оқы
+2 дауыс
Намаз оқуға ниетің,жүрегіңде иман болса неге намаз бастамасқа.Бірақ көшедегі намаз кітаптарына сенуге болмайды сондықтан тікелей мешітке барып уйренсең тиімді.Намаз жүрегіңді тазартады өміріңді өзгертеді оқығаның дұрыс.Шын ниетпен Аллаға құлшылық етсең ол саған екі дүниеде де жақсылық пен қуанышты,бақыт пен байлықтыда береді.Іске сәт Аллах саған жар болсын!
+1 дауыс
Мен қысқа ғана жауап берейін. Намаз оқудан емес, бейнамаздықтан қорық. Намаз - діннің тірегі. Онсыз діннің мәні жоқ. Намаз оқысаң ғана бір Аллаға жағып, екі дүниең нұрланбақ. Ешнәрседен қорықпай, сынақтардан сүрінбей өтуіңді тілеймін.
Дұрыс айтасыз! Намаз бастаған кезде біраз қиындықтар болады, одан қорқпау керек! SKO, Үнемі Алладан жәрдем сұраңыз! Алланың өте Мейірімді екенін біліңіз! Мен сізге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірімен танысып шығуға кеңес берем. Сонда түсінесіз, қиындыққа қалай сабыр ету керек екенін...
пікіріңізге рахмет!
+2 дауыс
Әрине намаз оқығаның дұрыс. Алайда Ең бірінші нәрсе- таухид. Ол Аллаһтың бар және бір екендігіне сену. НАмаз -жәннаттың кілті. Бірақ құлшылық тек Аллаһқа раналуы тиіс)))
0 дауыс
Салеметсіздерме мен сіздерге мынандай сұрағымбар мен өзім намаз оқимын бірақ таң намазына тұралмай жатырмын бұны қалай шешуге болады
...