Абай атамызды шынайы түсіну үшін жүрекке иман керек. Абай не айтса да діннің негізінде айтқан. Абайдың қара сөздері бұл сөздеріме дәлел бола алады. "Шен шекпенге жасыңнан құмар болма" десе, онысы "Бүкіл қателіктің басы - дүниені сүю" деген хадиске негізделсе керек. Ал, "милары жоқ масылға сыңар болма" десе онысы де шынайы еңбекке шақырған діннің үйреткені. "Бүкіл абзал адамның баласы бол, атаң менен анаңның панасы бол" десе оны де Абай атамыз Исламның терең құндылықтарынан алған. Абзал адамның досы болып, абзалдардың қасында жүру дініміздің талабы болса, ата-анаға деген құрмет Исламда Аллаға құлшылық қылудан кейінгі орын алатын дүние. Сондықтан, Абай атамыздың өсиетін орындау үшін көп нәрсе қажет емес, жүректе иман болса болғаны.