0 дауыс
15.5k көрілді
Науқастың жеке бас тазалығы, науқасты тамақтандыру тақырыптарында материалдар керек еді. Жауаптарыныңды асыға күтем

1 жауап

+2 дауыс

Төсек тартып жатқан науқасқа ерекше күтім керек екенін бәріміз білеміз. Дегенмен оның да өзіндік ереже-тәртібі бар екенін ескере бермейміз. Бұл кездегі болмашы қателік науқастың жағдайы бұрынғыдан да нашарлауына соқтыруы мүмкін екен. Ендеше төмендегі жайды жадыңызға түйе жүріңіз.

Медициналық қалпақ пен масканы қолдану.
1. Қолды жуу.
2. Бір реттік немесе матадан істелген медициналық қалпақты шашын астына жинап киеді.(шаш пен қайызғақ инфекция көзі болуы мүмкін).
3. Масканы мұрын мен ауызды тығыз жауып тұратындай етіп киеді (сөйлеу,жөтелу,тыныс алу кезінде инфицирленген сілекейдің таралуына кедергі болады).
4. Масканы суланғанжәне кірленген кезде ауыстыру керек,бірақ 2 сағ.кем болмауы керек.
5. Келесі рет қолдану үшін масканы мойнына асып немесе қалтасында сақтауға болмайды.(маска ылғалданып,микробқа толуы мүмкін,сондықтан келесі қолданғанда ол инфицирленген болуы мүмкін).
6. Масканы тек байламынан ұстап шешу керек.

Қолғапты кию ережесі.
1. Стандартты әдіспен қолды жуу керек.
2. Сыртқы ораманы ашып,бір реттік стерильді қолғапты пинцетпен ішкі орамадан алады.
3. Столдың үстіндегі стерильді жайманың үстіне қояды.
4. Қолғаптың ішкі бетіне саусақтары тимейтіндей етіп,сол қолымен киілетін жерін сыртқа қайырып ұстайды.
5. Оң қолдың саусақтарын бүгіп қолғапқа енгізеді.
6. Оң қолдың саусақтарын жазып кигізеді.
7. Қолғаптың қайырмасының астына оң қолдың 2,3 және 4-саусақтарын кіргізеді,оң қолдың 1-саусағы сол жақ қолғаптың 1-саусағына бағытталып тұрады.
8. Оң қолдың 2,3 және 4-саусақтары вертикальды ұстап тұрған қолғапқа сол қолдың саусақтарын бүгіп енгізеді.
9. Саусақтардың қалпын өзгертпей сол қолғаптың қайырылған жерін қалпына келтіреді.
10. Стерильді қолғап киілген қолды шынтақ буынында бүгіп және бел деңгейінен жоғары алдыға көтеріп ұстау керек.

Қолданылған қолғаптарды шешу.
1. Тек сырт жағынан ұстап оң қолдың саусақтарымен сол қолғапта қайырма істеу керек.
2. Дәл осылай оң қолғапта қайырма істеу керек.
3. Сол қолдағы қолғапты оң қолмен қайырмадан ұстап ішін сыртқа аударып шешу керек.
4. Сол қолдан шешілген қолғапты оң қолына ұстайды.
5. Оң қолғапты сол қолмен қайырманың ішкі жағынан ұстайды.
6. Ішін сыртқа айналдыра отырып оң қолдан қолғапты шешеді:сол қолғап оң қолғаптың ішінде қалады.
7. Қолғаптарды дезинфекциялық ерітіндіге салып қояды.

Палаталық мейірбикенің міндеттері.
Мейірбике науқастардың психикалық жағдайының ерекшеліктерін ескеруі қажет:қатты сөйлемеу,жұмыс кезіндегі шуларды болдырмау.
Мейірбике науқастармен ғана емес,сонымен қатар оның туыстары және жақындарымен қатынаста болады,науқас баланың ауыр немесе жазылмайтын ауруын жеңіл түрде жеткізуі тиіс,тек дәрігердің рұқсатымен ғана айтылады,қайғылы хабарларды телефонмен айтпайды,жақын адамдарының ауруханаға келуін сұрағаны дұрыс.
Жоғарыда көрсетілген талаптармен қатар, мейірбикенің сыртқы көрінісіне де үлкен мән беріледі.
Ұқыпты,сыпайы қызметкер науқастың сенімін арттырады.
Ал керісінше салақтығы және халатының ластығы науқастың мейірбикенің кәсіби квалификациясына,жұмысының ұқыптылығына күмән келтіруіне ықпал етеді.
Мейірбике жұмысқа келгенде таза үтіктелген халат,жүрген кезде қатты шу шығармайтын жеңіл аяқ киім киеді,қалпақтың астына шашын жинайды,тырнақтары қысқа етіп алынады және бояу жақпайды,ашық түсті косметика және қолына әшекей заттарды тағуға тиым салынады.
Жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындау мейірбикенің кәсіби маман болуына көмектеседі.
Мейірбикенің негізгі қызметтерінің бірі – мотивацияланған күтім қызметі.
Оны орындау үшін мейірбике мына функционалды міндеттерді білуі қажет:
- Балалардың әртүрлі жас кезеңдеріндегі мүшелер мен жүйелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін.
- Аурудың түрі мен себебін.
- Аурудың клиникалық көрінісі мен балалардағы ерекшеліктерін,аурдың мүмкін болатын асқынуларын.
Теориялық біліммен қатар мейірбикеден практикалық білім талап етіледі:
- баланы мейірбикелік тексеру және оның жағдайының ауырлығын бағалау.
- Баланың ең үлкен өзекті мәселесін анықтайды,яғни мейірбикелік диагностика өткізеді.
- Анықталған мәселені шешу үшін шаралар жоспарын құру және оны орындауды ұйымдастыру.
- Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік және диагностикалық манипуляцияларды айқын орындау.
- Жедел жағдай және асқыну кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

...