Аэробионттар мен гидробионттар жайлы керек еді.

0 дауыс
8.0k қаралым
Аэробионттар мен гидробионттар жайлы білесізбе?Реферат болса.
• Санаты: Жануарлар Белгісіз

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Суда тіршілік етуге бейімделгенорганизмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor"— су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұлтабиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен.Ал оттек пен жарық мол. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша"terra" — "жер") деп атайды.
Белгісіз
+1 дауыс

Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін организмдерді пелагостар деп атайды. Екіншісі — су тубі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін организмдер бентостар деп аталады.

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

Сілтемесі мына жерде.

0 дауыс
Көп рахмет.Екеуіңізді де ЖЖ таңдаймын.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы