+1 дауыс
1.2k көрілді
Қызды кездесуге шақырғым келіп жүр,сонда қызбен алғаш кездескен кезде оған сыйлық алып барама екен?Апаратын болса қандай сыйлық?

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Сонымен екі ай бойы аяқ киіміңді сүртіп дайын тұрған болсаң кеттік кездесуге:) Тоқта, айнаға қарап ал, тағы да, муахаха:) Енді шыға берсең болады.
1) Үйден шығып, аптобусыңа яки таксиіңе отыр да, «Пәленше» деген кафеге жетесің. Енді қыздың келуін күтесің. Қобалжыма, епті-ау! Сен мықтысың, бірақ мұны ешкімге айтпа:)
2) Келген бойда оны әлсін жымия қарсы ал! Қыздың қолының ұшын нәзік қана ұстап сәлемдес. Виртуалдың аты — Виртуал. «Молдаберген!», — деп атыңды айтып ресми таныса салудың да сөлекеттігі жоқ.
3) Есікті ашып қызды бірінші кафеге кіргізуді айтпасам да білетін шығарсың. Бірақ, орындығын ысырып беріп қатты рөлге кіріп кетпей-ақ қой, енді. Бір кезде даяшы келеді. Әуелі қыздан не қалайтынын сұра. Негізі, қыздардың бастары істейді. Ол сенің ыңғайыңа қарай таңдау жасайды. Шәй тапсырыс берсең, ол жай ғана шырын сұрауы мүмкін. Сондықтан жейтін жеңіл тәтті бірдеңені қоса айт.
4) Кездесуден алдын сөйлесіп жүрсеңдер, әрине, ортақ тақырыптарың бар шығар. Бастапқыға солардың бірін сырғытып өте сал. Бұл біраз сенің де оның да ашылуына жақсы ықпал етеді. Өз аузынан естіп қойған нәрселерді қайта сұрай берме. «Тұмаудан амансыңдар ма?», — деп қуып кетсең қыз әлдеқашан отырған жерден кетуді ойша пландап қойған болады:) "Әңгіме айтсай", — деп қыздың түріне қарай берме, ойбай?!:) Одан да тұмау туралы темаң әлдеқайда жақсырақ:)
5) Оның өзі туралы көбірек білуге тырыс. Саған беймәлім болған тараптарымен танысуға әрекет қыл. Есіңде болсын бұл жай ғана танысу. Оған қызық болатындай тақырыптарда әңгіме өрбіт! Бір-бірімен және сырткы ортамен энергия және зат алмаса алатын макроскопиялык денелер мен өрістердің жиынтығы болған термодинамикалық жүйелерге қызығатын болса, ол басқа әңгіме. "Үйіңде неше қызсыңдар", — деген әңгімелер ескірген болса да, көп жағдайда өтіп жатады:) "Әкең не жұмыс істейді?" — деген сияқты сұрақтарды жия тұр. Өйткені, оның әкесі — депутат немесе жеке кәсіпкер:) «Ооо, мамаң ЦОНда істесе барып куәлігімді қайта жасатып алсам болады екен ғой», — деп айтатын болсаң, қыздан мәңгілікке үмітіңді үзе бер. Осындай кездерде сыныбыңдағы/группаңдағы Әбдікерімнің приколдары жақсы өтуі де мүмкін:) Шеберлік керек.
6) Тыңдап үйрен! Алдыңдағы қызды мұқият тыңда. Сөз арасында «Иә, иә», «Дұрыс айтасың», — деп қоштап, қызығушылық танытып қой. Әңгіме сұйылып немесе Үнсіздік аға қайта-қайта келіп орталарыңа араласа бастаса, өзіңді жинап соңғы соққыны беруді ойла. «Мен сені басқаша елестеткен едім, бірақ менің ойымдағыдан әлдеқайда… екенсің. Сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!», — деген сияқты комплименттердің құлағын көрсетіп қой. Енді, қыз саған ұнамаса оны әрекет немесе әрекетсізлігіңмен әшкерелеп қойма. Есепті сұратқан соң әмияныңды ақтара салмай, қызға білінер-білінбес қалыпта ақшаны қыстыра сал. 20-30 теңге шегерімді күтпей-ақ қой.
7) Шыққан соң, сәл жүріп серуендеуге де болады. Бірақ, айтарың жоқ болса, уақыт кетірмей-ақ шығарып сал. Ощм, қызда жақсы әсер қалдыра біл, бауырым! Негізі, жігіттер мұның барлығын да біледі. Сен де не істеу керектігін білесің:) Бірінші кездесуде қызда жақсы әсер қалдырсаң, ол келесі кездесуден бас тартпайды.

Қатып қалған қағида жоқ, әрине! Ең бастысы өзіңді дұрыс ұстап, орнымен әзілдессең болғаны. Ендеше, қиялға ерік беріп отыра бермей, тезірек қимылда! Ал, жолың болсын, дос:)

http://aitaber.kz/blog/kenester/1617.html

+3 дауыс
Бірінші кездесуде сыйлық артық сияқты, гүлдің өзі артық сияқты, қыз ұялып ашылып сөйлемей қоюы мүмкін. Қызды ұялтпа глваное, өзіңді еркін ұста сосын ол да еркін ұстайды өзін. Ешқандай план құрма, бәрібір план бойынша болмайшы ешқашан да. Сол арада ойлап табасын қажет жағдайда.
+1,рахмет,есте сақтайтын боламын
0 дауыс
Сценарий бойынша қай уақытқа дейін рөлді сомдауға болады?! Ең жақсы сыйлық шынайылық ! Жақсы болып көрінуге тырысудың қажеті жоқ. Жақсы қасиеттер онсыз да көрініп тұрады... бұл менің жеке пікірім
Рахмет,ол да есімде болады
–2 дауыс
АК-47 калашнигін алып бар)))))))))
Тауып айттым деп мәз болып отсыңба
+1 дауыс
Сыйлыққа гүл апарып бергенің дұрыс деп ойлаймын
Ол  да дұрыс болар,рахмет айтқаныңа
+1 дауыс

Мүмкіндік болып жатса________________________

Күшті екен,көріп қызығып қалдым,рахмет!
+1 дауыс
Ең бірінші қобалжыма ештене алып барма ,көшеде қыдырсаң жарайды.басы қатты,арты тәтті болады
0 дауыс
гул берген дурыс
...