+2 дауыс
2.7k көрілді
Интернеттен сайтты қалай ашуға болады? мысалы ка4ка,ру деген сиякты?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі интернет қолданушыларының сайт иесі болуға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл қуанарлық жайт. Жастарда әртүрлі жаңа идеялар туылып, сол жобаны іске асырып, соған арнап сайт жасағысы келеді. Сол сайтты әрі қарай дамытып, адамдардың сайты жайлы білгенін қалайды. Енді кейбіреулер сайт арқылы табыс тапсам дейді.
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюі — казнеттің дамуына септігін тигізеді, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді. Бірақ, тек қана жақсы ниетпен іс бітпейді. Өкініштісі, сайт иесі болғысы келгендердің көбінің ол жайлы түсінігі өте аз, кейбіреулер мүлдем білмейді.
"Қалай тез және тегін сайт ашсам болады?!" деп сұрақ қояды, Балтабай бір форумда.
«Ucoz деген движокта!» деп оған Балғабай жауап қайтарады.
Осылайша жанбай жатып сөнетін сапасыз сайттардың қатары тағы біреуге артады. Сайтына ешкім кірмегеніне ренжіген Балтабай, «бұның бәрі далбаса!» деп қоя береді.
Сайт деген не?
Сайт — бүкіләлемдік желінің бір бөлігі. Яғни, бүкіл әлемге қолжетімді файлдар, ақпараттар мен құжаттар.

Сайт қалай жұмыс жасайды?
Сайт жұмыс жасау үшін екі шарт орындалуы қажет:
1. Файлдарды қолданушы дұрыс көре алуы тиіс
2. Сол файлдар белгілі бір адрес бойынша бүкіл желіге қолжетімді болу қажет
Әрбір құжат түрін оқуға арналған бағдарлама бар болғаны сияқты, сайтты оқитын арнайы бағдарлама да бар. Ол — браузер(Firefox, Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari т.б.)
Браузер біз түсінген тілді түсінбейді.
Егер интернетті үлкен сауда базары деп елестетсек, ол жердегі бутиктер ол сайттар болсын. Енді бізге сол базарда аяқ киім сату қажет. Аяқ киім — сайтқа қоймақшы болған ақпарат. Бірінші кезекте бізге бутиктің өзі қажет. Ол үшін біз пластиктер мен әйнектерді алып оны құрастырамыз. Сол пластиктер ол HTML, яғни сайттың негізгі қаңқасын жасауға арналған құрал. Біз HTML көмегімен негізгі қаңқаны құрастырдық, бағандарды қойдық, есік терезелерді жасадық. Енді бізге бұл бутикті әсемдеу қажет. Сыртын жасыл түске бояп, әртүрлі наклейкалар жапсырып, полкаларды көк түске бояу деген сияқты. Ол үшін бізге CSS көмекке келеді. CSS ол HTML кодтарды әсемдеуге арналған құрал. Енді біздің әп-әдемі бутигімізге аяқ киімдерді толтырып базарға апарып қойсақ та болады, бірақ бізге аяқ киімдерді сатып отыратын сатушы қажет. Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. Барлық іс-әрекетті талап ететін қызметтерді PHP атқарады. Клиенттен ақшаны алу, оған аяқ киімді беру, жиі келетін қолданушыларды тіркеу. Енді сатушы жаңылыспауы үшін бүкіл ақпараттарды жазып отыратын кітапша қажет. Ол кітапша — деректер базасы (Data Base орыс. База данных) Mysql, PostgreSql, Oracle т.б.
Қорытатын болсақ, HTML сайттың қаңқасын құрайды, CSS оған сыртқы келбет силайды, PHP операцияларды орындайды, ал Mysql-де ақпараттар сақталады. Браузер өз кезегінде осының бәрін қосып, адамға түсінікті етіп көрсетеді.
Енді біздің сайтымыз дайын, бутик жасалған, аяқ киімдер тұр, сатушы бар, кітапша бар. Сайт толық болуының бірінші шарты орындалды. Енді екінші шарт:

Хостинг және домен деген не?
Біздің үйде тұрған бутигімізді ешкім көрмейді, оны базарға апарып қою қажет. Яғни, компьютердің ішіндегі сайтты енді желіге қою қажет. Біріншіден, бізге бутикті қоятын орын қажет, бутигіміз қанша үлкен болса сонша көп шаршы метр қажет. Ол орын хостинг деп аталады, сайтымыздың үлкендігіне байланысты үлкен көлемді хостинг алу керек болады. Бірақ хостинг щаршы метрмен емес мегабайттармен өлшенеді. Базардағы орын үшін базаркомға ақша төлегеніміз сияқты, хостинг үшін хостинг компаниясына ақша төлейміз (hoster.kz, idhost.kz, dnr.kz т.б.).
Келесі мәселе, адамдар бутикті тауып келе алу үшін оның номері болу қажет. Мысалы, 152 -ші бутик деген сияқты. Бұл номердің орнына желіде домендік есім қолданылады. nur.kz kerekinfo.kz Бұл сайтымыздың адресі.
Сайт жайлы жалпы түсінік пайда болған болса, аталмыш «Движоктар» жайлы екі ауыз сөз айта кетсек. Жоғарыдағы әңгімелерден, ең қарапайым сайттың өзі бірнеше сатылардан өтетіндігін түсіндік. Яғни бір "ғажайып движок" арқылы бәрі бола салмайды екен. Ал біз движок деп жүрген нәрсе ол CMS (Content management system) яғни, контентті басқару жүйесі. Ең атақтылары Joomla, Drupal, Wordpress, DLE т.б. Олар жаңағы HTML, CSS, PHP, Mysql сияқтылардың көмегімен, программалаудан хабары жоқ адамдардың сайт құрастыруына арналған бағдарламалар. Мысалы, Сізге пластиктің қайсы деталін қайсымен қосу керек екендігін білу қажет емес, красканы қалай растворить ету қажет, сатушыға нұсқауларды қалай беру қажет, кітапшаға деректерді қалай жазу керек екендігін білудің қажеті болмайды. Сіз бар болғаны айтып отырасыз, қалғанын CMS өзі жасайды. Бірақ қандай CMS болғанымен, кез-келген сайт жоғарыдағы айтылған бөліктерден құралады. CMS арқылы сіз тек сайтты дайындайсыз, ал хостингке қою және домен алуды өзіңіз жасайсыз.
Ал «укоз» сияқты қызметтерге келетін болсақ, олар әрі CMS қызметін атқарады, яғни дайын сайт құрастырып береді, әрі хостинг пен домен береді.
Бұл аталғандардың барлығының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірақ бұл бөлек тақырып.
Келесіде программалаудан хабары жоқ адамдар үшін сапалы әрі қауіпсіз, әдемі әрі пайдалы сайт жасаудың жолдарын түсіндіруге тырысамын.

P.S. Бұл тақырып сайт жайлы түсінігі өте аз немесе мүлдем жоқ қолданушыларға жеңіл болу үшін қарапайым және тереңдемей жазылған, және де бұл менің осы сайттағы алғашқы постым. Қатты сынға алмауларыңызды өтінемін. Түзетулер мен кеңестер болса қуанып қабылдаймын.

Толық мына постта пайдалы мәліметтер бар http://kerekinfo.kz/blog/IT-maman/10395.html

+2 дауыс
Бұл сұрақ талай рет қойылған, бұл сұрақты іздесең шығады жауаптарымен алдағы уақытта сұрақ қоймас бұрын алдымен іздеп көргенің жөн және тағыда айтарым қазақша қаріптермен жазып үйрен!!!
–1 дауыс
ол үшін Script,HTML,PHP,SQL соларды жақсы білу керек
...