0 дауыс
2.1k көрілді
Компьютердің зияны туралы ғылыми жоба қорғамақшы едім соған комптың зияны туралы өз ойларыңызды қоссаңыздар, комптың алдында көп отырғаннан болатын аурулар жайлы білетіндеріңіз болса айта отырыңыздаршы.

2 жауап

0 дауыс
карай-карай козын аурады, кисык отырып омырткан кисаяды, куныне 7-9 сагат отырсан миын кемуге айналады(миын ашып калады)
0 дауыс
Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

Көздің көру қабілетін төмендетеді;

Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

Жүйкеге салмақ түсіреді;

Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
...