+2 дауыс
10.8k көрілді
"Ұлтын сүйген ғұрпын сүйер" шағын ой толғау жазыңдаршы тез арада керек? "Ұлтын сүйген, ғұрпын сүйер" демекші, қазақтың дəстүрін, мəдениетін, өнерін, тарихын жəне де ұлттық ойындарын естен ешқашан шығармайық!

1 жауап

0 дауыс

Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет ғұрпын, салт-дастүрін, мәдени мұрасын, окушылар бойына дарытып, теориялык білімдерінің жүзінде ұштастыра отырып, ата-аналар тәжірибесінің ең жақсы үлгілеріне, халықшылыққа, имандылыққа, еңбекшілдік және адамгершілік рухында тәрбиелеу. Оқушылар бойына рухани байлығын сіңірту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, ұлттық салт- дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халқымыздың тарихын, тәлім-тәрбиесін негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана сезім көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету.

Халықымыз «Қонақ келсе қоң етін кесіп беретін қонақпыз» -деп бекер айтпаған. Қонақ келсе шабылып қаламыз. Ертеде әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінен қонақ асын жеп кететін болған. Ертеде алаш хан деген хан бар дүние мүлікін, малын тең төрт бөлікке бөлген екен, үш бөлігін үш баласы- Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзге беріп төртінші бөлігін қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша азаматтардың үш жұрты болады Олар өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты. Қазақ үш жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін бірі бөтен санамайды. «Қарға тамырлы қазақпыз», - деп жақын тартыпжүрген. Сұраса келе қазақ туыс болған.

«Бата» Бата дегеніміз не?

«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» Үлкендердің алды-нан кесе өтпей, жол берсең үлкен кісі сол кезде «үлкен жігіт бол, бақытты бол»-деп батасын береді. Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді. Той соңында дастархан батасы беріледі.

«Қонақтарды шығарып салу». Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз? -Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады.

...