+1 дауыс
1.4k көрілді
мені ойландыратыны,келіндер тұрмысқа шыға сала,1бала тауып оны садикке тезірек беруді ойлайды.кейіннен өзі жұмысқа кірісіп алып,үй шаруасының тең жартысы енесіне қалады?келін не істеуі қажет?үй шаруасына,балаға   жауапты болу керек па,алде өз мамандығын алып шығып,жалғастырғаны тәуір ма?

9 жауап

+1 дауыс
Қазіргі келіндерді дым түсінбейсің :

-үйді зорға жинайды,айтуға ұяласың жина деп өзің жинай саласың

-балаға назар аудармайды

-күйеуін қолдап түсінудің орнына қарсы шығып ұрса жөнеледі

-кейбір келіндер агент дегеннен шықпайды үйде тамақ істейін ау дитін ой жоқ

-күййеуі ұрысса болды үйіне не ағасына айтып шығады

-Ең бастысы келіндер (ренжімеңіздер) ойланып тұрмысқа шықпайды байлығына қызығып шығады

Бұрыңғы жеңгелерді айтшы көкелеріміз келсе тамақ төсек дайын болады үйді жинайды тап-таза ұстайды ұрса үйіне қашпайды шыдап отырады....Жеңгелерім көп менің үлкен жеңгңлңрім бар соларға ризамын.
Сонда өз жеңгеріңізге дейін айтылған сипаттар кімдерге (әлде кімге) тиесілі?
0 дауыс
Негiзiнен үй шаруасымен,бала қараумен және қолы боста өз iсiмен айналысқандары,жалпы үйде отырғандары дұрыс деп ойлаймын. Алайда kейбiр әйелдер үйде отырғанды аса ұнатпайды. Бiр жағынан олардiki де дұрыс шығар, олар таң атқаннан kешkе дейiн үй шаруасымен айналысып, теk үйде отыра беруден шаршайды ғой. Дегенмен қазiргi kелiндердiң kөпшiлiгi енесiмен тұрғанды қаламайды. Олар жеkе шығып, бөлеk тұрғанды, баланы бала-бақшаға жiберiп, қол қусырып отырмай, жұмыс iстегендi жөн kөредi... Қазiргi kелiндер нағыз kелiн атағына мүлдем сай kелмейдi. Taylor -дың жауабына kелiсем!!!
+1 дауыс
Менің ойымша келіндер үйде отыруы тиіс. Бірақ бұл үйде қамалып отырып барлық жұмысты істеу деген мағынада емес) Олар үй шаруасына, бала тәрбиесіне назар аударуы қажет, бірақ өзі ұнататын іспен де айналысып, бір уақ көшеге шығуы керек. Бірақ үйде отыруы үшін, жолдасы  артығымен жететіндей ақша табуы қажет. Ондай болмаса әйелі де  жағдайларын жақсарту үшін жұмыс істеуге тиіс. (Жеке пікірім)
0 дауыс
Қазіргінің келіндері деп бәрін жамандап біттіңдер ғой,қазірдің өзінде инабатты ибалы келіндер баршылық!

Мен өз басым әйел адамның бала туып,солардың тамағын дайындап,кірін жуып отқаны жақсы,қысқасы үй шаруасымен айналысқаны жақсы,сосын демалыс күндері жолдасымен бірге қыдырсын іші пысса
0 дауыс

teachers өзің қанша жастасың?Ежелдегі енекендей айттың ғой тіпті!

Келін деген қадірлі жан!Ол басқа біреудің аялап өсірген қызы.Оған біржақты қарауға болмайды!

XXI ғасырда адам жұмыс істеу керек!Бұрынғы заманмен қазіргі заманды салыстыруға мүлде келмейді!Өйткені бұрында қазақтар оқымай, тек малды бағып жүргендеріне мәз болған,өкініштісі солақай саясаттың керісінен оқыған қазақтарды қырып тастағанына да тарихтан белгілі..

Ал қазір заман басқа заманына қарай адамы демекші,ол мейлі келін болса да,орта көріп жұмыс жасағаны дұрыс..Өйткені, жұмыс жасаған адамның түсінігі басқа болады..

Келін жұмыс істемей, тек үйде отырып, бала бағу керек деген ҚАТЕ ТҮСІНІК!

Супеер келін ))
16.......................ешкімдікі дұрыс емес демеймін!бәрі өз пікірін айтты,дұрысқой!әйткенмен де өзім олардың үйдегісін қолдаймын!
ako_O   айтқандай супер келін болу керек!
0 дауыс
Бұл сұрақтың жауабын енелер мен келіндерге қалдырдым ))
0 дауыс
жалпы келіндерді қайдам өзім жарымды үйде отырғызам бала-шағаның тәрбиесімен айналыссын жексенбі күні өзззім қыдыртам
0 дауыс
Меніңше келін жұмысынада,үй шаруасынада үлгеруге тиіс,баланы келін ғана емес енеде қарау керек.Ене жұмыс істемейд азаннан кешке дейін іші пысады ғой немересін бақса немересінің бал тіліне қуанып,шүкір етіп отырар ед іші де пыспайд.ал келін жұмысын істесін!үй шаруасы 2 ақ сағатты алады ғой,кір жуғыш,ыдыс-аяқ жуғыштар жасаудан келеді ғой демек кір жууғада уақыт кетпейді! Азаннан кешке дейін келін үйде отырғаны дұрыс емес!келінде білімді,дарынды маман иесі!
Келін жұмыс істесе, бала қараса, үй шаруасын атқарса, барлығын бірдей істесе  денсаулығы кетеді ғо))
Денсаулық кетпейді,қазақ келіндерінің денсаулығы күшті!қазақ келіндері үй шаруасымен шектеліп қана қоймай,жан жақты болуға тиіс!
Жан-жақты болу дегенді  басқаша түсінетін сияқтысың....
Жан жақты болу дегенді қалай түсінед екенмін? Жан жақты деп бұ жерде жұмысына ұқыпты,үй шаруасына пысық,өнерге бейіп,қандай істі тапсырсаңда іліп алып кететін,бәрінен хабары бар келін болу керек дегенім ғой
+1 дауыс
Шариғатта өз куйеуін разы ету әйелдің парызы. Егер жарың сені сондай қызғанып үйде отырғаныңды қалайтын болса, неге үйде отырмасқа. Үйде жарыңа тамақ дайындап, үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелеп отыру қыз баласының міндеті ғой. Білімді болсаңыз "дипломды үйде отыру үшін алдым ба?" деп айту артық сияқты. Ол біліміңіз балаларыңызды тәрбиелеуде пайдасын тигізеді. Менімше үйде отырып ақ жұмыс жасауға да болады; тігіншілікпен, қолөнер бұйымдарын жасаумен т.б.

Ұқсас сұрақтар

...