0 дауыс
1.5k көрілді
МАҒАН MACROMEDIA dream wiever бағдарламасы және электрондық оқулық туралы мәліметтер және деректер өте қажет!!!!!

2 жауап

0 дауыс

MACROMEDIA dream wiever прогасын мына жерден жүктейсіз,

Электронды оқулықтар
Аға буынның оқып тастаған кітаптарының санын көргенде я естігенде еріксіз ұяласың. Мүлік емес, кітап жинаған жайсаң ағалардың білімпаздығына қайран қалып, таңдай қағасың. Кез-келген қараша үйден бір торкөзі де бос қалмаған кроссвордты әлде басқа да шытырманды әрқайсысымыз кездестіріп жүрміз. Айтпақшы, американдық сараптамалық орталықтардың бірінің жылдық есебінде: «Қазақстанға – Азиядағы деструктивті діни және басқа да ағымдарға иммунитеті ең жоғары мемлекет деген баға береміз, бұл – жаппай сауатты халқына байланысты» делінген!
Бірақ мәселенің екінші жағы – алған білімді пайдалану. Міне нақ осы тұста ақсаңдап шыға келеміз. «Иә, Эйфель мұнарасының әлемдегі ең биік екенін білмеуші едім, не істейсің ал? Мен басымда тек керек мәліметтерді ғана ұстаймын!» дейтін бе еді Шерлок Холмс? Шынымен: әлем астаналарын жатқа соғып, көзіңді жұмып тұрып Гибралтар бұғазын тапқаның кімге керек? «Рухани азық қой бұл!» – дейді үлкендер. «Осыншама біліммен алған биігің қайсы?» – дейді кішілер. Осылайша ұрпақтар сабақтастығына сызат түскендей болып тұр қазіргі уақыт.
Кітаптан e-кітаптарға дейін
Әдеттегідей тақырыптың бүге-шігесін ашу үшін тарихты қаузаймыз ғой. Ендеше, алғашқы кезеңде адамзат – бетіне нобай түсетін нәрсенің барлығына жаза берсек керек. Археологтардың сорына – жазбаған жеріміз жоқ: ағашқа, тасқа, сиыр терісіне тағысы-тағылар. Айтпақшы елу беттік сиыр терісіне жазылған кітаптардың құны бір қамалдың құнына тең уақыттар да болыпты. Жазатын құрал тапшылықтан ба, әлде қымбатшылықтан ба: данышпандар да тек соны шығармаларын ғана жарыққа шығаратын болған екен.
Одан кейінгі қағаз өндірісі адамзаттың білім жүйесін адам танымастай етіп өзгертті. Ал қолжазбаларды басатын типографиялық жабдықтардың шығуы – ендігәрі көзі ашық, көкірегі ояу болуды тек адамның ынтасына байланысты етті.
Енді электронды кітаптар мен оқулықтардың кезеңі келіп тұр. Ол не: MP3-плеер секілді заманауи адамның бір белгісі ғана ма әлде қажеттілік пе? Электронды оқу құралдарымен біз қағаз кітаптардың қандай қиындығын жеңдік?

Құйтырқы образдар
Иә, кейіпкерді сом денелі әлде өлермен арық десе, көз алдымызға елестете қою оңай ғой. Тіпті прототипін менің құрдасымнан көшірген емес пе деп те қалатын кездеріміз болады.
Ал мынау ше:
«…Тізбек тұйықталған кезде a1-d1 тізбегіне айнымалы импульс беріліп, R релесін іске қосады. Реле R қуатты рычагпен M қозғалтқышының шкивін рельс бойымен жылжытып, алмас араның кескіштерінің арасындағы саңылау жаңа мәнге ие болады…»
Мұны елестету енді қиындау. Оның үстіне мектепті кеше тәмамдаған жасөспірім болсаң. Оның үстіне аталмыш агрегаттың атауын өміріңде бірінші рет естіп тұрсаң. Міне дәл осы жерде электронды оқу құралдарының көмегі айтарлықтай: жабдықтың анимация түрінде берілген образы өз саласы бойынша ең қажетті деген дайындығы ғана бар оқырманға тайға таңба басқандай түсінікті бола қояды! Электронды оқулықтар арқасында алғаш рет ұстаған агрегатын кәсібиден кем соқпайтын біліктілікпен алып кеткендер бар. Тіпті 2001 жылғы АҚШ-тағы Сауда Орталығына ұшақпен соққандар, пилоттық дайындықты Microsoft-тың «Fly» электронды жаттығу құралынан өткен деген қауесет бар.
Іздеу
Айталық әлдекімге сүйеніп мақала, әлде пікір жазып жатырсыз.Оқығаныңыз белгілі де қай жерінен оқығаныңыз есіңізден шығып кеткен. Мұндай мәселе тек технократтарда ғана емес шығармашыл мамандарда да көптеп туындайды. Ал енді техникалық нұсқаулар тіпті дәлдікті қажет етеді: адам сенгісіз тұжырым жасап тұрсаңыз – беттің нөмірінен бастап, жазылған жолдың реттік нөміріне дейін айтқаныңыз абзал.
Бұл тек бір ғана жәйт. Ал енді тұтастай кешенді жабдықтың тек бір ғана тұсы туралы анықтама керек болсын. Кітаптың мазмұнында аталмаған уақ-түйектер өте көп. Сонда қалай табасыз? Саусақты сулап жіберіп парақтап па?
Ендеше, іздеу функциясы – электронды оқулықтардың ең тиімді жері болып табылады. Жалпы алғанда, ақпараттандыру саласы толығымен іздеудің қажеттілігіне негізделген десе де болғандай.

Қазір электронды нұсқадағы кітаптардан үзінді келтіру жиілігі айтарлықтай артып отыр. Ал үзінді келтіру жиілігі – ғалымның танымалдығы мен беделін арттыратын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол түсінікті де: қажетін кітапхананың сөрелерін ақтарып іздегеннен гөрі енжарлау ұрпақ компьютерден іздеуге бейім.
Арзан өндіріс
Шынымен электронды кітаптардың көшірмелерін жасау өте-мөте арзан, ол кез келген мәтін тере білетін ортанқол пайдаланушыға белгілі. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропалық ақпарат тасымалдағыш өндірушілердің арқасында құжатты көбейту мәселесі тіпті күн тәртібінен алынып тасталды десе де болғандай. Себебі CD, DVD өндірісі енді қылаң берген уақыттарда бір тасымалдағыштың құны екі-үш қағаз кітаптың бағасымен пара-пар болатын. Hi-tech саласының Қытай мен Малайзия, Филиппин сияқты елдерге өндіріс ошағын жылжытуы адам сенгісіз арзан ақпарат тасымалдағыш құралдардың пайда болуына әкеп соқты. Мәселенки, Қытайға базарлатып барушылар кәдуілгі компакт-дискілерді енді даналап емес… килограмм есебімен сататынын айтып келіп жүр! Әрине сапасы туралы көп әңгіме қаузауға болады, бірақ бір нәрсе ақиқат: ақпарат тасымалдағыштар қағазға қарағанда 200-300 есе арзандады.
Қымбат шығармашылық…
Әңгіменің кереғар тұсын іздеп отырсаңыз, оған да кезек берелік, ол – электронды кітаптарды, кітап болғанда – оқулықтарды жасаудың қымбатшылығы.
Бұл жерде электронды оқулық деп кітаптың қу көшірмесін айтып отырған жоқпыз. Электронды кітап – мультимедиалық мүмкіндіктердің тоғысатын тұсы болғандықтан, оның программа іспеттес нұсқасын айтып отырмыз.
Электронды оқулық жасау қағаз кітап шығаруға қарағанда, институционалды үрдіс: бірнеше маманның тек осы ағымдағы жасағалы отырған кітап туралы ғана ойлауына тура келеді. Атап айтқанда, ең қарапайым электронды кітап шығарудың өзіне кем дегенде ғылыми редактордан, программистен және көркемдеуші-дизайнерден тұратын топ қажет.
Ал енді шетелдік өнімдермен терезесі тең өнім шығару үшін қоян-қолтық араласып ысылған үлкен ұжымның болғаны абзал. Өкінішке қарай, «компьютердегі ақырғы өнім шығару – программистің жұмысы» деген стереотиптердің салдарынан елімізде сапалы электронды оқулықтар әлі де болса шықпай отыр. Дәл сол уақытта шетелдік софтвеерлер тактильді оқу құралдарына қол жеткізіп отыр (яғни технологиялық тұрғыдағы оқулықтарда болуы мүмкін физикалық құбылыстарды жан-тәніңмен сезіну). Ендеше кешенді инновациялық бағдарламаларда білім саласының осы мәселесіне де көз қырын салып қойсақ, экономиканың бір күні өскін берері сөзсіз.
Көз туралы сөз
Заманымыздағы ақпарат ағыны алапат. Ақпараттандырудың классикалық қағидасы бойынша «ақпарат тасымалдау жылдамдығы көбейген сайын оны өңдеу аппараттары болдырады». Рас қой: бұрын тек газет-кітап сияқты бір бағыттағы ақпарат көздерінен сусындасақ, қазіргі заман сезім мүшелерінің барлығын асыра бітеп тастайды. Газет, радио, TV, Интернет, олар арқылы жеткізілетін жаңалықтар, проза, суреттер, кино – барлығын қорыту мүмкін болмағандықтан, осы күндері тек қысқа да нұсқа хабарламаға үйірсекпіз.
Осы жерде ұрпақтардың арасына сына түсетін тұсы басталады. Үлкендер: «осы күнгі жастар оқымайды!» дейді. Кішілер: «Сіздің заманда ең болмаса іш пысқаннан кітап оқыр едім, себебі – басқа түк те болған жоқ қой» дейді. Екі ұрпақтың да психологиясы мен өмір салтын көргендер бұл «айтысқа» төрелігін айта алмай дал. Бірақ екі жақтың да дәйектері дұрыс.
Себепті психологтардан сұрасақ болады. Олар қазіргілер көзбен ойланатын ұрпақ дейді. Яғни біздер де батыстықтар сияқты қолмен ұстап, көзбен көретін образдары бар сабақтарға ынтызармыз деген сөз. Ал аға буынның зерек болуын психологтар

0 дауыс

Кез келген пәнге электрондық оқулық құрастырамын және уйретем. Мамандығым: программист біліктілік: 3 жыл. [email protected] почтасы арқылы хабарласуға болады

...