Бұйра шашты кәдімгі шаш үтіктейтінмен түзілеу үшін 2-3 сағат кетеді, оған қоса жалғыз өзің шаман жетпейді, шамаң жеткенде жетеді бірақ тез шаршайсың, соңында жалығып ортасына дейін тастап кетесің (өз басым осы жағдайдан өткенмін). Ал шаштараздағы химиялық түзілеуге келетін болсақ: олар бірнеше айға және 1жылға түзілеп береді, бір сөзбен айтқанда пайдасынан зияны көп. 1 жылға химия жасататын болсаң, ол 3-4 айдан кейін қайта өз қалпына бірте-бірте оралады, себебі сенің шашың 1 жылдың ішінде түбінен бастап бұйра болып өседі. Тағы бір зияны шашыңның табиғи жағдайын құртады (күйеді). Пайдасы біреу ғана, химия жасатып болған соң тек рахат қата аласын, өйткені бірнеше ай ғана бойы сен шашыңды үтіктемей, тез-тез тарайсың.