Бұл да бір құмар ойын сияқты.Бір шалдықсаң арылу қиын.Менде де бос уақытым болса осы интернетпен өткізетін ауру пайда болыпты.Мұның бәрі жұмыс жоқтың кесірі шығар(қазіргі уақытта жұмыссызбын)сіздердікі қалай екенін білмеймін.Өзім кіріп жүрген сайттарға,жаңалықтарға күніне кіріп тұрмасам тыныш ұйықтай алмайтын болыппын.(оның алдында осындайды бір жерден оқып едім,өз басыма келіп отыр.)Бірақ айналысатын жұмыс,шаруа табылып жатса бұл жағдайдан тез шығып кете алам деп сенімді айта аламын.Ал интернетсіз өмірге келетін болсақ,мен үшін мүмкін емес қазір.Әрине тікелей мағынада емес,психологиялық жағынан.Үйде болсам компьютермен,болмасам телефонмен кіре берем.