+3 дауыс
2.4k көрілді
Бүгін 1 сәуір күлкі күніне орай өзіңіз білетін немесе естіген анекдот,күлкілі әңгімелеріңіз болса жаза отырсаңыздар.Жақсылап бір күлейік.Бұндай сұрақ бұрын қойылған шығар,олар сол жылдағы әзілдер болып қала берсін.бірақ бүгін басқа күн.01.04.2013.Ешқашан қайталанбайды.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

......................................................................

:DDDD
Клавишке қарадың,факт деген демотиваторың көріпкел екен)))
Белгісіз
Мен де қарадым)))) ВК-дан ұрлаған демотиваторлар))
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/1062/
0 дауыс

Барлығымзыда да осыла шығар иа))) ахаха)) 

Иа иа тап осылай ғо!))))))
Белгісіз
жооооооооооооооооооооқ
0 дауыс
Бір күні әр елден келген әскерлер биікке шығудан сайысқа түсіп жатыр екен. Орыс әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй орыс, бауың шешіліп қалыпты! Орыс аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қытай әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй қытай, бауың шешіліп қалыпты! Қытай аяғына қарай берем деп құлап түсіпті.
Қазақ әскері биік қабырғаға шығып бара жатыр, -Әй қазақ, бауың шешіліп қалыпты! Қазақ:
-Кетші эй! Менде галош!

...............................................................................................................................................................................................

 

Бір күні мектептегі немересі апасынан:
- Апа, махаббат ыстық па, шәй ыстық па? - деп сұрапты.
Апасы айтқысы келмесе де, немересі сұрап қоймапты. Сонда апасы біраз ойланып тұрып:
- Әй, маған бәрібір, бір терлесем болды!!!

..........................................................................................................................

 

Әйелдер еркектерден дахуя,
Бола берсін, мешайт етпейд нехуя...
+1 дауыс
Бұрынғы естіген әңгіме,анекдоттарды жазбай ақ қояйын.Соңғы осы жақында бір жерден оқыған күлкілі әңгіме

Мен қалай ұры атандым?

 

Күздің қара суғы түскен кез. Асығыста қолғап киюді ұмытып кетіппін. Енді міне, қоғамдық көліктің суық темірі қолымды қарып әкетіп барады. Осы кезде жанымда тұрған қыз бен жігіт шүйіркелесе кетті. Жігіт: «Күн суытқанымен, ұрылар суыққолдығын тоқтатпайды, епті болу үшін жалаң қол жүре береді» деді. Қыз оның сөзін қостай: «Дұрыс айтасың, ұрылар ғана қолғап кимейді». Олар әңгімесін айта отырып, маңайына барлап қарап қояды. Құдай атқанда автобус ішінде қолғап кимеген мен ғана екенмін. Қысылғаннан қолымды дереу қалтама салып алдым. Екеуара әңгіме жалғасып жатыр: - Ұрылар ақымақ емес, орай болмағанда қолын қалтасынан шығармайды.

- Иә, осылай істегенде басқалар оның ұры екенін біле алмайды ғой!

Олардың дауысы қатты шыққаны сонша, маңайдағылар жан-жағына үрейлене қарасты. Суқаным ұшып, не де болса алысырақ тұрайын деген оймен автобус есігіне қарай жақындадым. Осы кезде әлгі қыз есіне бірдеңе түскендей:

- Ұрылар қолына бірдеңе ілінсе, есікке жақындап келесі аялдамадан түсіп, зытып кетуге дайындалады, - деді. Көпшілік сумкаларын ақтарып, заттарын түгендей бастады. Мен ұялғанымнан кірерге тесік таппадым. Есіктен алысырақ тұруға тырыстым. Жігіт:

- Ұрылар осы күнде жеке-дара қимыл жасамайды. Олжасын серігіне береді де, өзі түк болмағандай көлікте отыра береді, - демесі бар ма?! Олардың сөздері қалайша маған дәл тие береді. Мен шынында ұры атандым ба? Айтып-айтпай не керек, біз соңғы аялдамаға да жеттік. Жолаушылар жан-жағына үрейлене қарасып, автобустан түсіп жатыр. Мен де автобустан түсіп, "зытып" бара жатырмын.
ахахахаха)) базару нет, өтті өтті)))))))))
0 дауыс
«Күлкі болу» мейрамы

 

Алдар Көсе - жырымыз,

Айшығымыз, туымыз.

Алдамасақ біреуді

Адыра өтер күніміз.

 

Тазша бала  - піріміз,

Өтірікке іріміз;

Уәзірі осындай

Отыз елдің біріміз.

 

Бас иеміз Абайға,

Абай болу оңай ма?

Іс қыламыз пенделік

Сиынып ап құдайға.

 

Ата салты – заңымыз,

«Виртуалмыз», наныңыз.

Орта ғасыр кеудемен

«Нано» болмақ нанымыз.

 

Өркениет, еркінбіз,

Ниеті жоқ өркенбіз.

Қол шапаттап ойнаққа

Жетім ойға төркінбіз.

 

«Демо» күлкі, сән құрып,

Ел боламыз мәңгірік.

«Күлкі болу» мейрамы

Жасай берер мәңгілік.

 

Жанбай Өзденбаев, наурыз 2016
...