+2 дауыс
23.1k көрілді
Иттер жаман жағдайды сезгенде ұлыйды деп естігем,итім ұлып жатыр 5 күні алыс жолға отбасымызбен(әпкем баратынын әлі шеше алмай жүр)шығатын едік,жолға шығардың алдында итімнің ұлығанынан сескеніп отрым.Сұрағым иттер тек жаман нәрселерді сезгенде ғана ұлидыма әлде жай бір жері ауырғандада ұлыйдыма,өткен жолы жазғанымдай итім сондай жағдайдан соңда тірі қалып,қазір аурушаң болған.

17 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі бұл ырымдардың бірі ғой. Бұл ырымның шығу негізі бұрын қазақ ауылдары көшпенді өмір сүрген әрі негізгі шаруашылығы мал өсіру болған, Ал енді мал атаулының негізгі жауы қасқыр емес пе, ауыл төбеттері ұлыса қасқыр шақырады, қасқыр жағалаған ауылда малдан да,мал иесінен де маза кетеді. Ол ұлыған итті атып тастауға кейбірінің көзі қимаса,кейбірі аяушылық танытатын болған. Соның ақыры ауылды ауыр зардапты мал шығындарына, тіпті кейде адам шығындарына дейін апарып отырған. Осыны түсінген бабаларымыз "Ит ұлыса сол шаңыраққа өлім шақырады, көзін жою керек" - деген ырым-тиым шығарған. Кім өз от басына жамандық тілейді және өлімнен қорықпайтын адам бар ма, осыдан кейін-ақ ұлыған иттерден тездетіп құтылатын,сөйтіп ауыл тыныштығы сақталатын болған. Қазір заман басқаша, сондықтан да ондай ырымдарды ойға ала бермеген дұрыс болар. Десекте, ұлыған иттен тезірек құтылған жақсы, ең болмағанда көршілерің,.өзің тыныш ұйықтайсың. Бұл ырым да БАБАларымыздың ел тыныштығы үшін барынша күрескенін көрсетеді, бірақ осыны түсінбейтін біреулер ырымдарды  түп-төркінін түсінбестен Аллаға серік қосу, бос әңгіме деуге дейін барып жүр. Бұрынғы Бабаларымыз ешнәрсені бостан-босқа ойлап шығармаған.   

Жауабыңызға рахмет!
+2 дауыс
Ел сөзіне ссенер болсақ иттің ұлуы өлімді шақырады деген. Содан қорыққан халық итке мынандай қарғыс айтқан "Қара басыңды жұт!" деп. Осы сөздерді сізде айтып көріңіз. Егерде тоқтауын қоймаса, таспен ұрып қуып жіберіңіз.
Иттер тек қана жамандық болғанда ұлымайды...
Жамандық болмағанда емес, жамандық шақырады олар.
Олар ауырған кезде, көңіл-күйлері жоқ болғанда (тоска) да ұлиды. Сонымен қатар бір нәрсеге қуанғанда да ұлуы мүмкін. Бұл дәлелденген)  Ал жамандық шақырады екен деп өзің ұстаған итті қалай қуып жібересің, жалко(
Мен қуа алмайды екем.Обалына қалам ғой,жат жерде тамақты,орынды таба алмайды ғой.
+1 дауыс
Ит ұлыса оның бір жері ауырып тұр.  Оны дәрігерге апарып көрсету керек.  Бірақ  "Собака воет в землю – к покойнику" деген.. Қазақтар айтады ғой егер ит ұлыса үйде жамандық болады деп.. Сондықтан әпкеңді бірге алып кетіңдер)
Әпкеме ештеңе болмайтын шығар деп үміттенем
Әрине)) Бірақ сақтықта қорлық жоқ дегенім ғой)
0 дауыс
сенбе ит әшин ұли беред бәрі де Аллахтын қалауымен болад егер қаласа қайда қашсан да ажалын жетед))))
+1 дауыс
Иттің ұлуы үйреншікті жағдай.Мұндай ырымдарға сене берген жөн емес.Бәрі Алланың қалауымен болады.
шығып мұрынан бір ұрып жіберініз
Хехехе онсызда алдыңғы аяғы мен жамбасы 2 жерінен ж/е артқы аяғының барлық саусақтары сынған енді мен мұрнын сындырсам өліп қалады ғой,өзім әрең жазып шығарғанда
+1 дауыс
Айтуыңа қарағанда итің 1топтағы мүгедек екенғо,ол ұлымағанда кім ұлысын.Оның қасында сау иттер де ұлиды.Сенің итіңнің ұлығанын кешіруге болады.
Ха-ха-ха улдим-ай...
+2 дауыс
Ит ұлығанда ыстық нанды аузына ұрып  беру керек.  Сосын сол нанды ит жеуі керек,  сонда қиындықтың барлығы артта қалады деп отыратын еді,  әжем баяғыда.  бірақ менде 2 жағдай болды.  2 күн бұрын ит ұлып,  содан соң  жақындарым дүниеден өткен.  Ондайды құдай басқа салмай-ақ қойсын деп тілеймін!!!
Ол ит жамандықты емес жаксылыкты шакырады немесе уйіне бүгін қонақтар келуі мүмкін,
+2 дауыс

Итті ұзақ уақыттан бері босатпаған болсаңыз да ұлиды. Оның еркін жүгіріп, ойнағысы келіп тұруы мүмкін. Ұятты ештеңесі жоқ ол өзге иттерді өзіне шақырып тұруы да мүмкін. Бекерден бекер байбалам салудың қажеті жоқ. Қоймай ұлыса батылыңыз жетсе итті аттырып тастаңыз. 

Жоға біз итті мүлде байламаймыз, еркін жүріп тұрады))) Ештеңе де болған жоқ, сынған жері қақсаған болар, бәлкім жақсылық шақырған болар, жақсы барып келдік)))
0 дауыс
Менің де итім ұли беретін түн ортасында турып тамақ берем сонда ғана ол да мен де дұрыс ұйықтайтынбыз.)) 1-2 жыл журди (айтпақшы сол ұлымастан бұрын мамасы Шарик деген қартайып өлген) , сөйтіп өзі жалғыз қалды еркек ит болатын мамасы олип сағынды ма білмим , ақырында ози да қыста усип олип қапты . Солай ,...
Қандай аянышты((( мен Ақтөстің астына сабан ж/е палас төседім, үстіне полиция қыста киетін куртканы жаптым, жапсам тұрып кетпейт қайта домаланып жатып алад, ақылды өзі) бұрын итке бұлай істемейтінбіз биыл ғана көрпе жаптық аяқ-қолы қақсайт шығар деп)))
0 дауыс
егер иттер басын томен ұстап ұлыса онда жамандық шақырғаны ал егер басын жоғары котеріп ұлыса онда жақсылық шақырғаны
0 дауыс
Не ғой менің де итім бүгін ұлыды не істесем болады Оны қимаймын жамандыққа бауыр басып қалғам итіме. ... бүгін ғана естідім қорқам жамандық болмасакен
0 дауыс
Бүгін итім түнде ұлыды адамның жылаған дауысына келеді ұлыған дауысы.Жұрт айтадығой ит ұлысы атып тастау керек или Бір жаққа құрту керек дейді емеспа?

Ещё мамам Жайсыз түс көріпті. Содан қорқып отрмын не стесем болады? өз ойларыңызды айтыңыздаршы?
0 дауыс
Кім калай каблдаса солай болады...жаксылык сурасан жаксылык жамандык сурасаң жамандык...менің де итім ұлиды...мешітте азан шакырган уакытта...демек онда турган ештеме жо
0 дауыс
Біздің ит таң намазы басталғанда ұлитын əдет шығарған.Оның нені білдіретінін білесіздер ме?
0 дауыс
Мунда да еки жакты пикир аяксыз калган.... Сонымен неге сенсен сол болатын пикир калыптасты.....
...