+3 дауыс
7.6k көрілді
Алматы қаласында студенттерге қолайлы қандай қосымша жұмыстар жасауға болады (немесе бар?)? қыздарға арналған......

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Студенттердің басты проблемасы осы болар қай қалада болмасын. Азғантай стипендя ештеңеге жетпейді. Көп таныстарым ауысыммен бармен, күзетші, официант, тамақ әзірлеуші, сатушы болып жасайды, стройкада жүретіндері бар арасында. Тағы бірлері тұрақты емес, күнделікті жолыққан жұмысты жасай береді. Түнде вокзал, аэропорттарға барып, жүк тасушы болып жасайтындар да бар. Жөнді жұмыс жасайтындары аз, себебі: 1. Дұрыс жұмыс жасауға уақыттары сәйкеспейді, оқу бар ғой. 2. Дипломы жоқ (яғни әлі студент)

Көбісі оңай жолы деп, неше түрлі бизнес құрғыштардың алдауына түсіп, "пирамида" типтес ақша айналдырудың құрығына ілінеді. Соңы жақсылыққа апармайды. (!)

Менің мамандығым программист. Өз мамандығымды жақсы сүйреп кеттім. Шүкіршілік етемін. Мектепті кешелі ғана бітіргем, бастауыш курста оқитын мен сияқты басқа курстастардың өмірінен мысал жаза өттім. Олармен де жұмыс істеп көрдім, жақпады. Ат айналып кеп өз қазығын табады демекші, компьютерімді шұқылауды әрі қарай жалғастырып кеттім. Диплом мен опыт жоқ болса да, менің қолымнан іс келетінін білетін адамдардың арқасында үнемі шаруа бастан асып жүреді. Біреудің қолының астында жүргенді қаламаймын,істеген еңбегімнің белгілі бір процентін басқалар иемденіп кетуіне қарсымын, сондықтан өзіме ғана сенемін. (Аллаға сенбейтін дінсіз деп жұмыртқа ататындарға, құрыңдар нақтар. Мен ораза ұстаймын :) )

Өмірдегі бұндай қиыншылықтарды ешкімге білдірмейміз. Іштей бұрқырап жатқан иттірлік. Сырттан қарағанда барлығы дұрыс сияқты.

Жұтқан - жұтамас, тартқан - тарықпас демекші, әрқашан әрекетте жүретін адамдар түбінде бір жерді тесіп шығады. Барлық өзім сияқты студент бауырларыма ең бірінші денсаулық, сосын нәсібімен жақсы кәсіп тілеймін.

Толстойдың мынадай сөзі бар:
Что бы жить честно, надо рваться, путаться, биться, ошибаться, начинать и бросать и опять начинать и опять бросать, и вечно бороться и лишаться. А спокойствие - душевная подлость.
Толстой сөзі қатты әсер етті!
0 дауыс
Маған түнгі сменаға жүмыс керек.Электрик
0 дауыс
Маған жұмыс керек гибкий график ке студентпін о
...