Емтихан билеттері керек 7-сынып қазақ тілі

+1 дауыс
21.5k қаралым
Өтінемін достар, маган 7-сынып қазақ тіліден емтихан сұрақтарын тауып беріңіздерші өтінемммміннннннннн
Мектеп

6 жауап

0 дауыс
Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
Дұрыс жауап: В
Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
Дұрыс жауап: С

Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
Дұрыс жауап: А

Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1.
Дұрыс жауап: С

Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
Дұрыс жауап: D

Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Кішірек, көкше.
B) Көкшіл, көктеу.
C) Сұрлау, көкшілтім.
D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
E) Қоңырқай, сұрлау.
Дұрыс жауап: D

Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
A) Жақсының.
B) Жақсылығын.
C) Айт.
D) Нұры.
E) Тасысын.
Дұрыс жауап: А

Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Сен бір артық көркемсің.
A) Сен.
B) Бір.
C) Артық.
D) Жоқ.
E) Көркемсің.
Дұрыс жауап: Е

Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біз екі-екіден бөліндік.
A) Біз.
B) Екі-екіден
C) Әдемі.
D) Бөліндік.
E) Пысықтауышы жоқ.
Дұрыс жауап: В

Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
Дұрыс жауап: Е

Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.
Дұрыс жауап: А

Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
A) Қарайтынмын.
B) Айтқанмын.
C) Келіппін.
D) Болыпты.
E) Өсіпті.
Дұрыс жауап: А

Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
A) Оқушылардың кітабы.
B) Ақырына дейін күту.
C) Алтын сәуле.
D) Ғылымды егеру.
E) Қиялға шомылу.
Дұрыс жауап: C

Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.
A) Қазақ әндері.
B) Болашақты армандау.
C) Асан – студент.
D) Гүлдеген ауыл.
E) Мектеп басшысы.
Дұрыс жауап: C

Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.
A) Айтқан сайын түсіну.
B) Әр түрлі.
C) Астанаға бару.
D) Гүлдердің иісі.
E) Әтір себу.
Дұрыс жауап: A

Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
A) Арман үшін аттану.
B) Білімді азамат.
C) Үш дәптер.
D) Биік дәреже.
E) Көлдің жағасында.
Дұрыс жауап: E

Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
A) Соңғы қоңырау.
B) Ауылға қайту.
C) Әділ болу.
D) Аяқ асты.
E) Әзер жету.
Дұрыс жауап: B

Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
A) Далаға шығу.
B) Ғарышқа сапар.
C) Үйіне қарай кету.
D) Ну орман.
E) Балаларды жинау.
Дұрыс жауап: D

Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
A) Дүние үшін талас.
B) Сәбит – жазушы.
C) Алым-салық жинады.
D) Төрт-бес ат.
E) Аман-есен жету.
Дұрыс жауап: B

Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 2.
E) 5.
Дұрыс жауап: C

Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Жиналыстан кейін.
B) Қазыбектің жоспары.
C) Қамысты көл.
D) Туыс адам.
E) Орта мектеп.
Дұрыс жауап: А

Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Әлия оқыды.
B) Ақ пен қара.
C) Мектепке дейін.
D) Мектепке қарай.
E) Сен отыр.
Дұрыс жауап: В

Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Дәркенбайдан сұрасаң етті.
B) Оған телефон арқылы әмір етті.
C) Тас жолды ағаш күрекпен күредік.
D) Сәуле – суретші.
E) Мен поезд арқылы келдім.
Дұрыс жауап: С

Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Гүлнар үйретті.
B) Ісімен жақсы.
C) Менің қылығым.
D) Жалт-жалт қарау.
E) Сіз келдіңіз.
Дұрыс жауап: С

Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.
A) Білімді қыз.
B) Білім алу.
C) Ойлы адам.
D) Ол келді.
E) Сабақ кестесі.
Дұрыс жауап: D

Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Әдейі келдім.
B) Үйдің шатыры.
C) Мұғалім айтты.
D) Мектепте оқиды.
E) Белгілі ақын.
Дұрыс жауап: Е

Меңгеруді көрсетіңіз.
A) Жолаушылар келді.
B) Мектеп үйі.
C) Сыныпта отыр.
D) Таулы өлке.
E) Үнді шайы.
Дұрыс жауап: С

Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Кірпіш үй.
B) Бес бала.
C) Оқыған қыз.
D) Сөзіне таңғалды.
E) Әдемі әуен.
Дұрыс жауап: D

Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Біліміне таңғалды.
B) Әнді тыңдады.
C) Кеше келді.
D) Бесінші сынып.
E) Көп ойланды.
Дұрыс жауап: D

Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.
A) 5.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 1.
Дұрыс жауап: В

Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Па! Шіркіннің сөзі!
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді?
D) Қандай айғақ таптыңыз?
E) Ертең қызық болады.
Дұрыс жауап: A

Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
B) Ауылға ақындар келді.
C) Мен шебер бола алар ма екенмін?
D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
E) Мәселесі шешілді.
Дұрыс жауап: D

Сөйлемді анықтаңыз.
A) Тепсе темір үзетін.
B) Ақ шағала.
C) Қызыл күрең шай.
D) Суға жүзу жарысы.
E) Біз жидек тердік.
Дұрыс жауап: E

Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол бізге келмеді.
B) Ол бір қызық дәуір екен.
C) Үйде пеш жоқ.
D) Десятниктерің кім.
E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.
Дұрыс жауап: D

Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Осының бәрі рас.
B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.
C) Адамнан мықты не бар екен.
D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
E) Оралым менің, Оралым.
Дұрыс жауап: C

Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.
A) 1.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 5.
Дұрыс жауап: D

Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.
A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.
Дұрыс жауап: А

-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: С

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: Е

Сөйлем түрін белгілеңіз.
Жібермесем, сағы сынады-ау( )
Тәуекел, жіберсем бе екен( )
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: С

Міне бауырым дез арада тауып бердім.
0 дауыс
Сайтында жазып берейін міне http://www.testent.ru/load/testy/kazak_tili/1/35-1-0-298
ренжиме мен тест емес,емтихан сұрақтарын сұрап отырмын қазақ тіліден 7-сыныптікін,сондықтан ниетине рахмет,бирак маган тесттин кереги жок!!!Маган емтихан сұрақтары керек,өтинем 7-сынып қазақ тили тауып бериниздерши................
0 дауыс
ааааа.Мен тест шығар десем.
0 дауыс
Бұл қылмыс деседе болады емтихан сұрақтарын көшіріп алып алдын ала сол сұрақтарға дайындалуға болмайды ғой,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Белгісіз
+1 дауыс

мәлімет мыны жерден алынды http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/5747-7-synyp-emtihan-biletteri.html

Емтихан билеттері (7- сынып)

Жарияланды 28-04-2013, 17:32 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Емтихан билеттері 7 - сынып

№1
1. Әдеби тілдің лексикалық нормасы туралы..
2. Сөйлем мүшесіне талдау жаса
Еңбек адамның бағын ашады, спорт адамның әрін ашады.
3. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан қандай адам? Оның сыртқы түрі неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді?
4. «Туады ерлер ел үшін» тақырыбына ойтолғау жазыңыз.

№2
1. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.
2. «Терең» сөзін қатыстырып сөйлем құрастыр. Ол сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
3. Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінің кейіпкерлерін ата. Әңгіменің негізгі идеясын айтып бер.
4. Бейбітшілік тақырыбына әңгіме құрастыр.

№3
1. Берілген сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.
Асқар досының алғырлығына, білімділігіне қатты қызығады.
2. Сөйлемдегі күрделі сөздердің астын сыз. Бірінші сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына қарай талда.
Ата - бабаларымыз аққуды киелі, қасиетті санаған. Ол құсты сұлулықтың, тазалықтың белгісіне балаған.
3. Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат..» әңгімесінің қысқаша мазмұнын айтып бер.
4. «Достық» тақырыбына әңгіме құрастыр.

№4.
1. Берілген сөздерден қос сөздер құрастыр. Олар қалай жазылады?
Көрпе, алыс, құрбы, ойын, қора, бүгін.
2. Берілген сөйлемдерді оқып, ондағы септік жалғауларының астын сыз. Қай септікте тұрғанын анықта.
Жеңгелері сияқты өзі күнде араласып жүрген балалар да Ерасылды жаңа есімімен атауға әдеттенді. Бақыт үйінен шығып, кітапханадан жаңа кітаптар алуға келе жатыр.
3. Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» шығармасы арқылы не айтқысы келді?
4. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбына шағын шығарма жаз.

№5
1. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысалдар жаз.
2. Мына сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет, сатылай - кешенді талдау.
Көкшолақпен итеңдеп қара қосқа жалғыз келдім.
3. Монолог және диалог туралы не білесің? Мысал келтір
4. «Менің Қазақстаным» тақырыбына шағын шығарма жаз.

№6
1. Сын есімнің түрленуі, емлесі, сөйлемдегі қызметі.
2. Морфологиялық талдау
Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр.
3. С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңіндегі ирония мен сарказм мағынасында қолданылған жолдарды тауып, түсіндір.
4. Төрт түлікке байланысты «Кішкентай қозым» тақырыбына әңгіме жаз.

№7
1. Осы шақтың түрлеріне мысал келтір.
2. Сөйлем мүшесіне талдап, етістіктің шақтарын көрсет
Кенет торы дөнен ішін тартып, жалт бұрылып тұра қалды.
3. Абай «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінен үзінді айт.
4. «Ана - күннің шуағы..» ойтолғау жаз.

№8
1. Одағай сөз дегеніміз не? Берілген сөйлемдегі одағайды тап.
Одағай сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсе ме?
- Бәрекелді, бұл бала әнді нақышына келтіріп оқиды екен.
2. Етістіктерге талдау жаса, оның жасалуы, шағы.
Киіз үйдің төрінде ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.
Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Мен сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім.
3. С. Торайғыров «Мен - қазақ» шығармасының бүгінгі күнмен үндесіп, жас ұрпақтың ұлттық намысын оятуға қызмет етуі туралы не айтасың?
4. «Ұлттық мерекелер» тақырыбына мәтін құрастыр.

№9
1. Қыстырма сөз деген не? Мысал келтір.
2. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Ұлытаудың бөктерінде салқын самал жел еседі.
3. С. Мұратбековтың «Жусан исі» әңгімесінде Аян қандай бала еді?
4. «Менің сүйіп оқитын шығармам..» шағын әңгіме жаз.

№10
1. Қазақ тілінде неше септік бар? Жай септеу мен тәуелді септеуге мысал келтір, септе.
2. Морфологиялық талдау.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер.
3. Мақал - мәтел туралы не білеміз? Мысал келтір.
4. «Жаз мезгілі» суреттеме - шығарма жаз.

№11
1. Көсемше. Көсемшенің екі түрлі мәнде қолданылуы. Көсемшенің түрленуі. Мысалдармен дәлелде.
2. «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен жазушының ой түйіні туралы айт. Шығарманың авторын ата.
3. Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса:
Әсемпаз, ойыншығы. Досжан
4. «Ең сүйікті жануарым» атты тақырыпта әңгіме жаз.

№12
1. Есімше. Есімшенің екі түрлі мәнде қолданылуы. Есімшенің түрленуі. Мысалдармен дәлелде.
2. «Есіл тасып барады» әнінің шығу тарихы туралы айт.
3. Берілген сөздерді тәуелде:
Көлік, талап
4. «Есіл тасып барады» әнінің тарихынан әңгіме құрастырып жаз.

№13
1. Етіс дегеніміз не? Етістің түрлері. Мысал келтір
2. Үзінді қандай шығармадан алынған? Авторы кім?
«Үнемі аштық, күтімсіздік, ауыр жұмыс қосылып ойын шатастыра берді. Әжесі өлген соң көңілінде де тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ. Кішкентай Қасымның түсі де көңілі де қартайып жүдеп барады. Бұл уақытта Қадишаның қолы үйреніп алған таяғы күннен - күнге «жетім ит», «жаман неме» деп көзге шұқып жиі - жиі тие бастады.
Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында таңертеңнен кешке шейін Иса мен Қадиша бұны үйіне жолатпай ауылдан қуып жүріп сабап еді»
3. Берілген сөйлемнен сөз тіркесін тап. Талда.
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады.
4. «Менің елім» тақырыбына мәтін құрастыр.

№14
1. Зат есімнің түрленуі. Мысалдармен дәлелде.
2. Берілген күрделі сөздердің түрлерін ажыратып, сипаттама бер, анықтамасын айт.
Асқазан, апалы - сіңлі, жолбарыс, ана тілі, жетпіс бес
3. Берілген сөздерді жікте:
Үйрен, ақын
4. «Ана тілім - ардағым» тақырыбына шағын ойтолғау жаз.

№15
1. Етістіктің түрленуі. Мысал келтір
2. Ана тақырыбында жазылған қандай шығармалар білесің? Өзің жақсы білетін бір шығармаға тоқталып өт.
3. Берілген сөйлемді сөз құрамына талда.
Сәуленің әжесі ауылдан келді.
4. «Қыс мезгілі» суреттеме жаз.

№16
1. Үстеу, анықтамасы. Мысал келтір.
2. Үзінді қандай шығармадан алынған? Авторы кім?
«Әмірхан шығысымен шапалақ шартылдады. Өзге шығушылардан Әмірханның киімі де, жүріс тұрысы да жат еді. Қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.
Домбырасын күйлеп, екпіндетіп бір - екі сарындатып алды да басты.
Зал тым - тырыс....»
3. Төмендегі сөздерді септе. Жай септеу мен тәуелді септеу.
Әжесі, Айнұр
4. «Асыл әжем» тақырыбына шағын шығарма жаз.

№17
1. Үзінді қандай шығармадан алынған? Авторы кім? Жатқа айт
Үміт қып менен қарайсың,
Көңілге медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
2 Есімдіктің түрленуі. Жіктеу есімдігіне тоқтал. Мысал келтір
3. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Кеше Аяжан әкесімен атасының ауылына келді.
4. «Еңбек ерлікке жеткізеді» тақырыпта мәтін құрастыр.

0 дауыс

мәлімет мына жерден алынды http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/5747-7-synyp-emtihan-biletteri.html

Осының жауаптары бар ма?
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы