–3 дауыс
421 көрілді
Менің осы сайтта 2 аккаунтым бар менің 1 ші аккаунтымдағы жинаған асықтарымды 2 шіге ауыстыра аламын ба?Жауап күтемін..

7 жауап

+1 дауыс
Жоқ, мүмкін емес...........
+2 дауыс
Жо, жоқ бауырым, ол сайт движогында қарастырылмаған. Ол алдағы уақытта, болашақ еншісінде. Сенің екінші аккаунтың қандай еді?
Наглый Қазақ (шын атың қандай?) Бұндай нәрселер алдағы уақыттада болмайтын шығар! Әр қолданушының бір басында  2 аккаунттан болсада, жиналған асықтар өзіне тиесілі аккаунтта қалуы керек қой. Бұл сол аккаунттың сайтта атқарған еңбегінің куәсі есебінде қалуы тиіс.
Наглый Қазақтың шын аты Берік
0 дауыс
Өз-өзіңе +қоя беру үшін аштың ба екі аккаунтты?
Соны айтам,бір сайтқа бір аккаунт жетпейме,сұрақ қойыпта жауап беріпте үлгересің,баллды еңбекпен алу керек қой
Егер мен парольмді білсем сұрақты қоймас едім
Мен құпия сөзді ұмыттым десең жаңа парол келеді
Олай жалтарма,шындыққа тіке қарап үйрен
Парольді өзгертуге болады. Тек оны мобильді нұсқасымен өзгерткем.
0 дауыс
Немесе білетін сұрағыңды қойып, жақсы жауап деп белгілеп, балыңды көбейту үшін аштың ба?
болса жақсы болар еді Аягөз ситуымда қаншама асықтар қалды  ?
0 дауыс
Сайт админі жүрегі кең адам, өтінсең болып қалар. Кері байланыс көмекке...
Тәте) Бұлай болмайдығой. Әр аккаунт асықтарды еңбекпен алуы керекқой! Мен олардың асықтарын қызғанғаным емес, тек сайт бүлінбесе екен деймін!)
сол асық пен баллдан пайда көріп жүрген біреуің бар ма?
осындай жауапты күтіп едім! Сіздерді олай демеймін , бірақ біраз қолданушылар асық, балл үшін  ғана сайтта жүр емеспе!  Асық пен балл жаман нәрсе емес , бірақ орнымен алса, еңбекпен алса тіпті жақсығой.
 Сіздер бұлай етсеңіздер сайтта қосымша аккаунт ашып алатындар көбейіп кетеді. Сосын  саны бар сапасы жок қолданушылар артады.
 Барлық баллы мен асықтарын екінші аккаунтына аударып алып, тойған адамдай жата береді. Яғни жетеріме жеттім, енді қызық қалмады деген оймен. Сайттың иелері сіздерғой , қалғанын өздеріңіз шешерсіздер.   біреудің алған асығының маған еш кедергісі , еш зияны жоқ))) соны түсініңіздер)
Көркем мен 1 ші поштамның құпиясөзін ұмытып қалдым сондықтан осы сұрақты қойдым.Ойларыңызді қандай екенін білдім рахмет
0 дауыс

"Балалы үйдің ұрлығы жатпас" ол сіздер ойлағандай жаман оймен ашпаған, екі жақтап елге көмегін тигізген болар...

Соны айтам да)) Мен де жүрмін ғо осы аккаунтым өзім шатасып кеттім нешеншісі екенін))) Анық оннан кем емес аккаунттарым))) Қазір екеуімен тұрақты пайдаланамын, біреуімен серьезно жауап жазсам біреуімен қуып жаза беріп жүргем, енді осы ерігіп қуып жазып жүрген аккаунтым қалай екені өзіме беймәлім редактор болып кетіпті))))))
+1 дауыс
Негізінен ұяттан жұрдай,бетсіз,мал адамдар ғана екі аккаунт ұстайды. Осы сайттың ең алғашқы қолданушыларының  бірі мретінде осы сайтта  аккаунт өзгертушілердің біразын танимын, өкінішке орай солардың бәрі Админнің достары. О ларға жаза болшмайды. Соған қарағанда бола беретін сияқты.
Ағасы сіздің неге маған олай тіке қадалып қалғаныңызды ұқпадым. Сайтта алғаш кезінде атын өзгерте алатын мүмкіндік болатын. Оны мен кейіннен алып тастадым. Ал арнайы бір себептері болып, өзгертілуі керек деген қолданушылар маған жеке хат ретінде жазса өзгертіп бере аламын деп айтқан болатынмын. Менің таныс достарым болсын болмасын, орынсыз мен өзгертпеймін, талай хаттар келіп жатады өзгертіп берші деп. Бірақ арнайы бір қатты себебі жоқ болғандықтан ауыстырмаймын. Кейде шынымен де ауыстыруға тура келетін жағдай болады ол кезде атын өзгертіп беретінім рас. Осы уақытқа дейін айналдырған 10-15 шақты адамның аты 1-2 мәрте ғана өзгерген шығар, бірақ қайта-қайта өзгерткен емеспін.
Сайттың қолданушыларына айтарым: Атын өзгерті сұрағанда арнайы бір жағдай болса ғана өзгертіп бере аламын, ал жайдан-жай көңілі қалап өзгертіп берші дегенді өзгертіп бере алмаймын.
Тым қатты айтып жіберген жоқсыз ба? Ол жаман оймен ашпаған шығар...
Ербол.сені кіналаудан аулақпын. Бірақ атын өзгерту деген де тұрақсыздықтың бір түрі болғандықтан сақтандырып жатқаным ғой. Сайтта атын өзгертіп ,артық сөздер айтып, кейіннен қайта өзгертіп түк болмағандай жүргендер кездесті ғой,содан сабақ алайық деген ойым ғой. Өзімнің жеке басыма да сөз тиген кездері болды, бірақ кім екенін ажырата алмадым, соған ренжігенім ғой, болмаса саған айтар кіна жоқ, қаттырақ кетсем кешір.
...