+1 дауыс
774 көрілді
Осы сайтта модератор болу үшін белгілі бір талаптар қойыла ма?

Әлде бір байқаулар өткізіле ме?

Әлде бұл ақылы ма?

Алде модератор болу үшін сайт админімен жақын болу керек пе?

Жалпы сайт жұмыстарын бөліу қалай жүзеге асырылады дегенім ғой)

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?
Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.

Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.

Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.
+1 дауыс
Сiз модератор болуыңыз үшiн 50 ЖЖ болуы керек. 4ай қолданушы болуыңыз керек, сосын жасыңыз 17тен асуы керек.
20ЖЖ, жасың 16-дан асуы керек, тіркелгеніңе 1 ай болуы керек деп айтқан.. Ауыса бере ма? Админның өзі айтса))
білмедім ол жағын,әйтеуір білерім бұл сұрақты менде қойдым,сонда маған Сiз модератор болуыңыз үшiн 50 ЖЖ болуы керек. 4ай қолданушы болуыңыз керек, сосын жасыңыз 17тен асуы керек деген болатын
Осыған қоса ұтымды пікір айтып, мәнді сұрақ қойған, қате жібермейтін, сауатты адам болуы керек деп ойлаймын.
0 дауыс

https://surak.baribar.kz/faq осы жерде жазылған....

Бұл жерде тек міндеттері жазылған ғой
"...Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.

Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50дан аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады..."

Алдымен басынан аяғына дейін оқып шықсаңшы
+1 дауыс

Сосын былай депсің Алде модератор болу үшін сайт админімен жақын болу керек пе?депсің,олай емес,бұл сайт ешкімді алаламайды,админге жақын болмасаңда талаптарға сай болсаң модератор бола аласың

–1 дауыс
Модератор болу үшін алдымен маман болу қажет. Маман болу үшін сайтта белсенді болып, сұрақтарға нақты жауап беріп, тіркелгеніңізге 2 айдан асып, жақсы жауабыңыздың саны 30-дан асуы шарт. Маман болған редактор сонан кейін барып модерератор бола аласыз. Егерді қойылатын талаптарға толықтай жауап берсеңіз.
...