0 дауыс
15.1k көрілді
Наполеон Бонапарт жайлы аздаған мәлімет керек!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Наполеон Бонапарт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) — Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император (1804—1815).

Өмірбаяны

Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж[1] әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.[2]
[Сыртқы саясаты

Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экон. және саяси үстемдікке таласты. Наполеон I-нің жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феод.-абс. құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 ж. маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Наполеон I әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж. наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Наполеон I Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 ж. наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”). Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 ж. 22 маусым). Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 ж. Парижге әкелініп, Мүгедектер[3] үйіне қойылды.

Ұқсас сұрақтар

...