+1 дауыс
6.6k көрілді
Қандай кітап оқығанды ұнатасыздар? Және қандай кітаптар оқыдыңыздар?

14 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Оқыған кітаптарым көп, қайсыбірін жаза берейін)) Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" керемет ұнады! Өзім арасында жүргенде әсер алдым)) Жоғарыда жазылған кітаптарды да оқығам, кітап оқыған керемет ғой, уайымнан арылып демалып қаласын сол кітапқа кіріп кетіп)) Қазір Даниель Дефо "Робинзон Крузоны" оқып жүрмін, кинодан көрген бір басқа, кітаптан оқыған бір басқа. Шекспирдің тек "Отеллосы" ғана ұнады, Мұхтар Әуезовтің аудармасы, трагедия болмаса жақсы жазылған. Зейнолла Шүкіровтың барлық шығармалары керемет! Сәкен Сейфулиннің "Тар жол тайғақ кешу" суреттегенде енді сол көз алдына келеді суреттелген табиғаты. Сәбит Мұқановтың да туындылары жақсы жазылған, оның әйелі Мариям Мұқанованың кітабын оқысан Сәбит Мұқанов жайлы барлығын білуге болады, қандай ақкөңіл, керемет адам болғаның. Кітаптар жайлы жазсаң таусылып болмайды. Шыңғыс Айтматовтың "Қош бол, Гүлсары" деген романын оқығанда көзіме жас та келіп қалған.. Гүлсары жылқының аты, сол ат арқылы сол кездің тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Кітапты көп оқыған адам өмірге басқаша қарай бастайды, тіл байлығы мол адаммен сөйлескен де приятно))
Мен Робинзон Крузоны оқығанмын.
+2 дауыс

Маған романдар оқаған ұнайды! Мөлдір махаббат(Сәбит Мұқанов),Махаббат қызық мол жылдар(Әзілхан Нұршайықов),Шұғанын белгісі(Бейімбет Майлин) т,б есіме түспей отыр сізге Махаббат қызық мол жылдар оқуға кенес берер едім!!!

Махаббат қызық мол жылдарды оқымаған адам жоқ шығар, лирикалық ең үздік кітаптың бірі!
мм Рахмет, мен ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ дегенді оқығанмын.
+2 дауыс

Поэзия оқығанды ұнатамын. Өлең оқығанда жүрегім тебіреніп, ерекше күйге бөленемін. Әр жырдың астарын ұғуға тырысамын. Бір сөзбен айтқанда Поэзия менің ғұмырым!

ммм жақсы.
+1 дауыс
ТАРИХЙ РОМАНДАР ҰЛЫ АДАМДАРДЫҢ  КІТАПТАРЫ
+1 дауыс
Сонңғы оқыған кітабым С. Мұратбековтың " Қалың қар " романын оқығам !  Роман маған ұнайды ! Тағы жаңа кітап бастамақпын
+1 дауыс
Мен көптеген кітаптар оқыдым!Мен көбіне ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев,Абай Құнанбаев,т.б ақындарымыздың кітаптарын оқып,өлеңдерін жаттап жүремін!Сонымен  қатар дана билеріміздің тауып айқан шешен сөздері жинақталған кітаптарды да көп оқимын!Жалпы кітап асыл қазына!Бар білім кітапта.Сондықтанда  болашақ ұрпақ көзі ашық,көкірегі ояу болуы үшін кітапты көбірек оқып,ненін дұрыс-бұрыс екенін біліп жүруі қажет деп ойлаймын!Кітапты неғұрлым көп оқыса соғұрлым өзіне пайдасын әкеледі!Әрине бұл өз пікірім!!!!!
0 дауыс

МАған Сайын Мұратбековтың жусан иісі деген әңгімесі ұнайды,оқи бергім келеді.

http://www.kazakhadebieti.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=921&Itemid=23

мына сайт күшти екен)нағыз издегеним екен)рахмет көп көп)
Ұнағанына қуаныштымын !!!!!!!
+1 дауыс

Древнегреческие мифы. Бұл кітаптар  әр түрлі тақырыптарды қамтиды.   «Илиада» мен   «Одиссея» , «Теогония»  сынды кітаптарды көп оқимын.

+1 дауыс
АБАЙ ЖОЛЫ керемет роман ғой әрине. Кітап таңдамаймын, жалпы мағынасы, мазмұны ұнаса болды маған. Қыран қазасы қияда деген романы да керемет. Байқап қарасам тек романдар ғана оқыған екенмін. Ендігі жоспарым Өркениеттің адасуын оқығым келеді
0 дауыс
көп қой.Абай жолы, Ботагөз,Махаббат қызық мол жылдар т,б
0 дауыс
Мағыан шытырман оқиғалы кітаптар ұнайды
0 дауыс
Абай жолын оқыдым, керемет!
0 дауыс
Маған Абай жолы мен Мұхатар Омарханұлының әңгімелері ұнайды.
0 дауыс
Маған бірнеше тарауларға бөлінген, әр тарауында жаңа оқиғалары бар, қызықты кітаптар ұнайды. Зор ынтамен қызығып оқыған кітаптарым Ж.Елшібековтің Жоғалған теңіз, Николай Носовтың Дымбілмес және оның достарының хикаялары ( қазақша нұсқасын окыдым, өте қызықты ) және Әли Ысқабаевтың Тайқасқа кітабы ( ішінде бір повесть бар еді қызығып оқыған, аты есіме түспей тұр )
...